AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жер телімі жылдам беріле ме?

Жер телімі жылдам беріле ме?

Әлеумет 07.12.2023, 05:16 852
Жер телімі жылдам беріле ме?
Сурет: primeminister.kz

Смайылов жер телімін беру процесін тежейтіндерге қатаң шара қолданылатынын айтты


Үкімет жер телімін беруді кешіктірген жауапты тұлғаларды жұмыстан босатуға дейін әкімшілік жауапқа тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Үкімет табиғи монополистердің өтініштерін уақтылы қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді көздеп отыр. Бұл жөнінде премьер-министр Әлихан Смайылов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтты.


"Біз әр өңірдегі жағдайды жан-жақты қараймыз. Егер жаңа жылдан бастап адамдарға рұқсат беру тұрып қалатын болса, өңірлердегі тиісті жауапты тұлғаларды жұмыстан босатуға дейін жауапқа тартамыз. Біз аталған мемлекеттік қызметті ашық қылып, цифрландырғымыз келеді, ал бас жоспарлар мен ЕЖЖ қазіргі мәліметтерге сәйкес келмейді. Сондықтан көп жағдайда автоматты түрде рұқсат берілмей жатады. Бірақ, біз кері шегінбейтінімізді ерекше атап өткім келеді. Бәрібір алға жүреміз. Бұл процесті тежейтіндерді жұмыстан шығарамыз. Олардың орнына өз қызметін лайықты атқаруға бел буған адамдарды қою керек", деді Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы жер қатынастарын цифрландыру мәселесі инвестициялық ахуалға, сәйкесінше, жаңа бизнес жобаларды іске қосу мен жұмыс орындарын ашуға тікелей қатысты екенін айтты. Сондықтан цифрландырудың экономиканы одан әрі дамыту үшін маңызы зор.


Премьер-министрдің айтуынша, талдау нәтижесінде әкімдіктер жүктеген цифрлық деректердің барлығы талапқа сай емес екені анықталған. Атап айтқанда, қолданыстағы бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына (ЕЖЖ) түзету енгізу қажет. Сонымен қатар платформада өтінімдерді уақтылы қарамау және негізсіз бас тарту фактілері анықталды.














Премьер-министр 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті мемлекеттік қызметтерді тек цифрлық форматта сапалы түрде көрсету үшін барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жою керек екенін атап өтті.








"Цифрландырудың өзі дәл осы сыбайлас жемқорлықты азайтуға және қате деректер көлемін қысқартуға, сәйкес келмейтін координаттар бойынша жер телімдерін беру фактілерін жоюға бағытталған. Бұл мәселелердің барлығы цифрландыру нәтижесінде шешілуі тиіс», - деді".Әлихан Смайылов

Айта кетерлігі, таңдау, өтінім беру мен тіркеуден бастап жер телімдерін берудің бүкіл процесі электронды форматқа көшірілді. Барлық бизнес-процестер толығымен қайта қаралды. Қажетті қадамдар саны бірнеше есеге азайтылды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шамамен 1 жылдан 30 күнге дейін қысқарды.


Жалпы, 1 шілде мен 28 қараша аралығында ЖБМК арқылы 1 млн-нан астам қызмет көрсетілді, оның ішінде 238 мың кадастрлық төлқұжат берілді. 25 млн-нан астам анықтама мен мәлімет қызмет алушылардан өтініш бермей-ақ алынды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер #жұмыс #әлеумет #телім #адам #азамат #заң #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика