ffin.kz

Жер телімдерінің функционалдық интерактивті карталары жасалады

Жер телімдерінің функционалдық интерактивті карталары жасалады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанда қызметтің барлық салаларын, оның ішінде қала құрылысын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп жатыр.


Халықтың шоғырлануы, экономиканың әртүрлі салаларының дамуы ірі қалаларда жұмылдырылған, бұл елдегі жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Бірақ сонымен бірге ірі қалаларда тұрғын үйлер мен объектілердің ретсіз және сапасыз құрылысы жүргізіліп, салдарынан инженерлік желілерге үлкен жүктеме түседі.


Бұл, ең алдымен, қала құрылысы регламенттерінің сақталмауына және жер учаскелері мен техникалық шарттарды беру процесінің ашық болмауына байланысты. Тұрғындардың қолайлы әрі жайлы өмір сүруі үшін қазіргі уақытта құрылыс секторы аумаққа құрылыс салу жұмысын сауатты басқарудың заманауи тәсілін енгізуді қажет етеді.


Осыған байланысты, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында әрбір ірі қала бойынша жер учаскелерінің функционалдық интерактивті карталарын және коммуналдық желілердің схемаларын жасау міндеті қойылды.


Жер учаскелерінің функционалдық интерактивті карталары 2023 жылдың 9 қазанынан бастап іске қосылған Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЖМБМК) шеңберінде іске асырылады.


Коммуналдық желілердің функционалдық интерактивті карталары бойынша тапсырманы іске асыру мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі (МҚҚК ААЖ) арқылы жүзеге асырылады.


Жұмыс шеңберінде МҚҚК ААЖ-ға бас жоспарлар (БЖ) және егжей-тегжейлі жоспарлау (ЕТЖЖ), аэрофототүсірілім жобалары, инженерлік желілер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың деректері жиналды және енгізілді.


Бұдан басқа, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы және «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» шеңберінде инженерлік желілердің жоғары дәлдіктегі деректерін қалыптастыру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің ірі қалаларының (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды) инженерлік желілерін егжей-тегжейлі цифрлау деңгейі орта есеппен 90%-ды құрайды.
Деректерді одан әрі автоматты түрде жаңарту жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша 2023 жылғы 5 сәуірдегі Заң шеңберінде табиғи монополиялар субъектілерінің инженерлік желілердің техникалық сипаттамалары мен бос қуаттылықтарының цифрлық деректерін беру, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу, сондай-ақ МҚҚК ААЖ-да атқарушылық түсіріліммен объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу бөлігінде қабылданған жаңа заңнамалық түзетулер есебінен жүзеге асырылатын болады.


Осылайша, геокеңістіктік деректерді жинаудың, өңдеудің және ұсынудың цифрлық құралын қалыптастыру инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілуін ескере отырып, қала құрылысы регламенттеріне қатаң сәйкестікте аумаққа құрылыс салуды неғұрлым ұтымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32