AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жер сілкінісі салдары: қазақстандық хирургтер ауға...

Жер сілкінісі салдары: қазақстандық хирургтер ауған халқына көмек көрсетіп жатыр

Медицина 21.11.2025, 14:36 450 Дина
Жер сілкінісі салдары: қазақстандық хирургтер ауған халқына көмек көрсетіп жатыр
сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Ауғанстандағы 6,3 балдық жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмекті жалғастырып жатыр. Президент тапсырмасымен гуманитарлық жүк пен дәрігерлер тобы аймаққа жіберіліп, қазірдің өзінде оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік резервтен Ауғанстанға дәрі-дәрмек, хирургиялық құралдар, таңғыш материалдар, палаткалар, төсек-орын жабдықтары және өзге де шұғыл көмекке қажет құрал-жабдықтар жеткізілді.
Миссия құрамына тәжірибелі травматолог-ортопедтер, нейрохирургтер және шұғыл медицина мамандары кірген. Атап айтқанда:

  • Академик Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығынан: О. Бекарисов, Д. Галым, А. Долгов, Р. Абилов, Б. Тұрлыбеков;

  • Ұлттық нейрохирургия орталығынан: С. Карибай, Н. Аширов, А. Қадыров;

  • Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан: А. Сатвалдин, С. Нұртазин, Р. Салимов, А. Кидірбаев, Г. Түсіпбеков.

Дәрігерлер жергілікті медицина қызметкерлерімен бірге науқастарды сұрыптап, операциялардың кезектілігін жоспарлауға көмектесіп, ең күрделі жағдайларға тікелей қатысып жатыр. Осы уақыт ішінде ондаған кеңес, тексеру және хирургиялық оталар жасалған.

Еске салайық, Ауғанстанда 2025 жылғы 3 қарашаға қараған түні магнитудасы 6,3 болатын күшті жер сілкінісі тіркелген еді. Қазақстан апат салдарын еңсеруге халықаралық қолдау көрсетіп, медициналық және гуманитарлық көмекті жүйелі түрде жеткізіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Денсаулық сақтау министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);