Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет еткен жөн?

Жер сілкінісі кезінде қалай әрекет еткен жөн? Сурет: Qamshy.kz
Жер сілкінгенде балаларды кеудемен жабу керек. Жер сілкінісі кезінде ғимараттың төбесіне көтерілуге, баспалдақ алаңдарына жиналуға болмайды.
 
Жер асты дүмпуі кезінде қаай әрекет еткен жөн? Осы ретте Almaty-akshamy.kz ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы зілзалаға қатысты кеңестерін ұсынады.
 
 
Жақындап келе жатқан жер сілкінісінің белгілері:
  • ғимараттың теңселуі, шамдардың тербелуі;
  • ыдыс-аяқтың сылдырлауы;
  • сынған әйнектің, жарылған қабырғалар мен құлаған заттардың дыбысы;
  • дүрілдің күшеюі.
"Ғимараттың тербелуін сезінген кезде дүрлікпеңіз. Үйде, жұмыста, көлікте және көшеде болған жағдайда әрекет ету жоспарын алдын ала ойластырыңыз. Пәтердегі ең қауіпсіз орындарды алдын ала анықтаңыз және жер сілкінісі болған жағдайда үйден шығудың қауіпсіз жолын жоспарлаңыз. Оның кез келген уақытта болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз!", - дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Ол үшін:
  1. Алғашқы медициналық көмек қобдишасын дайындап, оны көрсетудің әдістерін меңгеріңіз.
  2. Құжаттарды, ақшаны, ысқырықты, қалта шамын және қосалқы батареяларды ("дабыл чемоданы") ыңғайлы жерде ұстаңыз.
  3. Үйде бірнеше күнге жететін ауыз су мен консервілердің болуын қамтамасыз етіңіз.
  4. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз.
  5. Кереуеттерді терезелерден, сыртқы қабырғалардан, айналардан және құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан аулақ қойыңыз.
  6. Пәтерлердегі шкафтарды, сөрелерді дұрыстап бекітіңіз.
  7. Қауіпті заттарды (улы химикаттар, тез тұтанатын сұйықтықтар) қауіпсіз, жақсы оқшауланған жерде сақтаңыз.
  8. Барлық тұрғындар қажет болған жағдайда электр қуатын, суды өшіру үшін су кпорттарының қай жерде екенін білуіңіз керек.
  9. Жер сілкінісі кезінде ғимараттың төбесіне көтерілуге, баспалдақ алаңдары мен баспалдақтарға жиналуға болмайды.
  10. Егер сіз үйде болсаңыз, жазу үстелінің немесе асхана үстелінің астына жасырыңыз. Бір қолыңызбен үстелдің аяғынан ұстап, екінші қолыңызбен мойын мен басыңызды жабыңыз. Жер сілкінісі кезінде үстел алыстап кетпеуі және қорғаныссыз қалмау үшін үстелдің аяғын ұстап тұру маңызды.
Неліктен жер сілкінісі кезінде ғимараттан жүгіріп шығуға болмайды?
 
Сейсмолог Люси Джонстың айтуынша, сырттағы адамдар ғимараттағыларға қарағанда көбірек зардап шегуі мүмкін. Балкондар мен қасбеттердің құлауы құрбандардың көбеюіне әкелуі мүмкін. Мысалы, 2003 жылы болған жер сілкінісі кезінде екі әйел киім дүкенінен жүгіріп шығып, кірпіш пен сылақтың астында қалды. Кейінірек олар іште қалса, аман қалатындары анықталды.

2011 жылы Жаңа Зеландияда болған жер сілкінісі кезінде бір адам үстелдің астына жасырыну немесе сыртқа шығуды таңдауға тура келді. Ол бірінші нұсқаны таңдап, аман қалды. Кейінірек ер адам егер сыртқа жүгіруді шешсе, қоқыстың астында қалып өліп қалуы мүмкін екенін айтты.
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:47

21:18

20:26

20:21

20:18

17:32

17:16

17:08

16:52

16:31

16:26

16:15

15:35

15:17

15:08

14:23

14:01

13:01

12:48

12:20

12:01

11:20

11:16

11:03

10:52