Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жер шарында зиянды заттарды тұтынушылар саны 284 м...

Жер шарында зиянды заттарды тұтынушылар саны 284 миллионнан асады

Әлем 26.06.2023, 09:40 1,000
Жер шарында зиянды заттарды тұтынушылар саны 284 миллионнан асады
Сурет: 24.kz

Біріккен Ұлттар ұйымының дерегі бойынша, жер шарында зиянды заттарды тұтынушылар үлесі жылдан жылға артып барады.


Әлемде есірткіге «отырған» адамдар саны артып барады. Бұл мәселе әсіресе жастар арасында өзекті болып тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Мәселен, қара құрлықта есірткі шырмауына түскен науқастардың 70%-і 35-ке толмаған. АҚШ-тағы жағдай мүлдем жантүршігерлік. Былтыр бұл елде 109 мың адам ажал құшқан. Өлім деректерінің үштен екісі синтетикалық есірткілермен байланысты, - дейді мамандар.



«Соңғы 20 жыл бойы АҚШ есірткіні шамадан тыс пайдаланып көз жұмғандар саны жағынан рекорд орнатып келеді. Бұл заттарды қолдануда белгілі бір қауіп болғанымен, ауруды басуға көмектеседі. Дегенмен тым көп рецепт жазып беруді қысқарту қажет», - дейді есірткі зерттеу саласындағы сарапшы Эндрю Колодный. 



Ал Бразилия, Колумбия мен Перу шекараларына жақын өмір сүретін тұрғындар есірткі тасымалымен байланысты қылмыстардан қиындық көріп отыр. Өйткені шалғайдағы елді мекендерде құқық қорғау органдары да, медициналық  мекемелер де жоқ. Соның салдарынан тұрғындар есірткі картельдерінен не қорғана да алмайды не қажетті ем-домды ала алмайды.  Мұндай жағдай тіпті ел ішіндегі алып мегаполисте де байқалады. Мәселен, бразилияның Сан-Паулу қаласында есіртінің кең таралғаны сонша, дүкендер жабылып, азаматтар қаладан жаппай көшіп жатыр. 



«Күніне орташа есеппен 2-3 сатып алушы келеді. Сондықтан шығынға батып жатырмын. Өйткені адам келмейтін күндер де болады», - дейді саудагер Даниэль Бонфим.



Амазонка бассейніндегі есірткі саудасы қазіргі таңда қылмыстың өзге түрлеріне де жол ашып отыр. Атап айтсақ, орман алқаптарын отау, қазба байлықтарын заңсыз алу мен жабайы аңдар саудасы етек жайған. Соның кесірінен байырғы халықтар өз жерінен өкше көтеріп, өзге өңірден қоныс табуға мәжбүр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#БҰҰ #Зиянды заттар #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46

Жаңа Конституция бойынша референдум: алматылықтардың белсенділігі соңғы 5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Бүгін 23:45

«Референдум – 2026» онлайн марафоны жалғасып жатыр. Көрермен назарына өзекті мәселелер және өнертабыстар ұсынылды

Бүгін 21:01

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика