AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жеңілдетілген автокредитті қалай алуға болады?

Жеңілдетілген автокредитті қалай алуға болады?

Керек кеңес 16.05.2022, 11:02 2,395
Жеңілдетілген автокредитті қалай алуға болады?
Сурет: Newauto.kz

Бүгінде жеңілдетілген автокредит бойынша қазақстандықтар KIA, Hyundai, Chevrolet, JАС, LADA көліктерін ала алады.


Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы 30 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оған қатысу үшін төмендегі талаптарды орындау керек:


Тұтынушы автосалонға барып, Қазақстанда жасалған көліктің бірін таңдауы керек.


Автосалон қызметкері автокредит алушыға қолдану мерзімі 5 күннен аспайтын, әрі алатын көліктің VIN-коды жазылған есепшотты береді;


Тұтынушы банкке барып, көліктің VIN-кодын көрсетіп, есепшотты ұсынуы шарт.


Банк өтінімді қабылдаған сәттен бастап, тұтынушы электронды кезекке тұрады.


Банк тұтынушының төлем қабілетін және кредит тарихын тексереді. Ол жеңілдетілген автокредит беру туралы шешім қабылдаған жағдайда тұтынушыға қолдану мерзімі 5 күннен аспайтын кепілхат береді;


Тұтынушы кепілхатты алған соң автокөлікті рәсімдеу үшін автосалонға баруы тиіс;


Егер тұтынушы кепілхатты алған күннен бастап, 10 күннен кешіктірмей, автокредитті алу шартын рәсімдесе, ол кезектен шығарылады;


Тұтынушы автокредитке өтінім бергеннен кейін көлігінің маркасы мен моделін өзгерте алмайды және кезекті басқа адамға бере алмайды.


Егер тұтынушы жеңілдетілген автокредитті алудан бас тартса, ол электронды кезектен шығарылады, оның орнына жаңа қатысушы қойылады. Бағдарламаға бір тұтынушы 2 жылда бір-ақ рет қатыса алады.



«Екінші деңгейлі банктер тұтынушының төлем қабілетін тексереді, әрі автоқарыздарды мақұлдауға жауап береді. Банк автокредит алуға өтінімді мақұлдағаннан кейін өтінімнің мәртебесін тұтынушының өзі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қатысуынсыз тиісті банктің платформасында (онлайн-кезек) бақылай алады», - деп жазылған Өнеркәсіпті дамыту қорының хабарламасында.



Айта кетейік, Қазақстанда жеңілдетілген автокредитті 4 банк береді: Halyk Bank, «Банк ЦентрКредит», Forte Bank. Бүгінде жеңілдетілген автокредит бойынша қазақстандықтар KIA, Hyundai, Chevrolet, JАС, LADA көліктерін ала алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авто #несие #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);