конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік!

Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік!

Барлығы 10.05.2025, 16:49 579 yakiya
Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік!
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Бабаларымыздың қаны, ананың көз жасымен келген жеңістің құны жоғары. Зымыраған уақыттың қанатында міне, Жеңістің 80-ші көктемі де келіп жетті. Аталмыш мерекеге орай, Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты №108 мектеп-гимназиясында «Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік!» атты іс-шара өткізілді. 

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, тәуелсіз елдің туын биікке көтеруге, еліміздің батырларының майданда, тылда көрсетілген ерен еңбегін құрметтеуге, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Бұл іс-шара өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің маңызды бөлігіне айналды және батырларымыздың өлмес ерлігін еске салады. Салтанатты жиынға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу аудандық филиалының төрайымы Шакирова Тамара Мухтархановна, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскерлерінің құрметті ардагері Ертышпаев Қазақбай Зейнулович, генерал-майор, Қазақстан қарулы күштерінің офицерлер  қоғамының төрағасы  Телегусов Махмуд Утегенович, Ауған соғысының ардагері, полковник, Қазақстан қарулы күштерінің офицерлер  қоғамының төрағасының орынбасары Халафов Габиль Имамеддинович, Жетісу ауданы мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері қатысты. Бұл іс-шара өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің маңызды бөлігіне айналды және батырларымыздың өлмес ерлігін еске салады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ұлы Отан соғысының батыры, генерал-майор Төлеген Тоқтаровтың есімімен аталған көшеде мектебіміздің оқушыларының қатысуымен мемориалдық тақта орнатылды.

 Сонымен қатар,  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты "ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС" тақырыбында сурет, эссе, көркемсөз оқу және патриоттық әндер байқауы өткізілді.

Мектеп басшысы Әлдіғазы Руфинат Бекдайырқызы сөз сөйлеп, келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Мектеп жоспарына сәйкес ұйымдастырылған салтанатты іс – шара әсерлі өтті!

Жұдырықтай жұмылып, білектей біріккен мектеп мұғалімдері мен оқушыларымызға мың алғыс!

Алматы қаласы, Жетісу ауданы  №108 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бертилеуова Г.Е.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін 16:49

Еліміздің төрт ақылы автожолында орташа жылдамдыққа бақылау енгізіледі

Бүгін 15:43

Құрылтай-2026: Бас Прокуратурасы үндеу жасады

Бүгін 12:51

Бензин мен дизель экспорттауға тыйым мерзімі 6 айға ұзартылды

Бүгін 11:08

Қазақстандық жүргізуші куәлігі 25 шілдеден бастап БАӘ-де жарамды болады

Бүгін 10:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);