Жел, тұман, көктайғақ болады

Жел, тұман, көктайғақ  болады Сурет: Элеонора Жаңабергенқызы

Еліміздің бірқатар өңіріне дауылды ескерту жарияланды.


Синоптиктер кей аймақта қатты жел соғып, көктайғақ, тұман болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қызылорда облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.


Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Оңтүстікті, Алматы облысының таулы аймақтарын тұман басады.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Маңғыстау облысының батысында және оңтүстік-шығысында тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ақтауда түнде кей жерлерде тұман болады.


Түркістан облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде тұман болады.


Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады. Алакөл ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.


Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.


20 қаңтарда сағат 21.00-ден 21 қаңтарда 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейлі жағдай туралы ескерту күшінде қалады.


20 қаңтар сағат 21.00-ден 21 қаңтар сағат 21.00-ге дейін Семей қаласында болатын қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейдегі жағдай туралы ескерту сақталады.


Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфера ауасының беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:19

18:15

17:58

17:55

17:46

17:34

17:18

17:07

16:53

16:42

16:35

16:24

16:10

15:58

15:43

15:32

15:15

15:06

14:53

14:41

14:25

14:12

14:05

12:36

12:28