«Алматы марафонына» 15 мыңнан астам спортшы қатысады
1 қазанда Орталық Азиядағы ең ауқымды жарысы — «Алматы марафоны» он екінші рет өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған. Марафоннан түскен қаржының дені қайырымдылық мақсатқа жұмсалады. Былтыр 45 млн теңгеден астам қаражат Қаскелең мен Талғардағы мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттарға, «Солнышко» балалар үйі мен «Rehab Team» оңалту орталығына спорт нысандарын салып, қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге бөлінді.
Жарыс Сәтбаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, әл-Фараби даңғылы, Сайын көшесі, Абай даңғылымен өтеді.
1 қазанда сағат 7:00–ден 13:30–ға дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Спортшылар жүгіріп өткен көшелерде біртіндеп жол ашылады.
30 қыркүйек сағат 6:00-ден 01 қазан 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) жол жабылады.
01.10.2023 мына бағыттарда көлік қозғалысы шектеледі:
- 7:00-ден 10:40-қа дейін Назарбаев даңғылы (Сәтбаевтан әл-Фарабиге дейін)
Балама жол Достық даңғылының екі бағытымен өтеді.
- 7:00-ден 11:10-ға дейін Әл-Фараби даңғылы (Назарбаевтан Шашкинге дейін)
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Әл-Фараби даңғылы (Шашкиннен Сайынға дейін)
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 13:00-ге дейін Сайын көшесі (Әл-Фарабиден Абайға дейін)
Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Абай даңғылы (Сайыннан Байтұрсыновқа дейін)
Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Шығыс бағытта балама жол Әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшелерінің бойы.
- 7:00-ден 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесі (Абайдан Сәтбаевқа дейін)
Балама жол Байзақов көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Сәтбаев көшесі (Байтұрсыновтан Желтоқсанға дейін)
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Сәтбаев көшесі (Байзақовтан Байтұрсыновқа дейін)
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Шашкин көшесі (Әл-Фарабидан Тимирязевқа дейін)
Балама жол Марков көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Тимирязев көшесі (Шашкиннен Байзақовқа дейін)
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Байзақов көшесі (Тимирязевтен Сәтбаевқа дейін)
Балама жол солтүстік бағытта Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытта Манас көшесімен өтеді.
Республика Алаңына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:
1.Желтоқсан көшесімен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
2.Сәтбаев көшесімен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін
3.Назарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
4.Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету
5.Абай даңғылынан батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін
6.Шевченко және Құрманғазы көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін
7.«Абай» метро станциясына дейін