7 тамызда сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Visa Tour of World Class Almaty 2022 велосипед жарысын өткізуге байланысты жол қозғалысы ішінара шектелетін болады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Жыл сайынғы жетінші Visa Tour of World Class Almaty велосипед жарысы биыл шамамен 1000-ға жуық қатысушыны жинайды. Жарыс таңғы 8:00-де 14 км балалар қашықтығы стартынан басталады.
32 және 52 км қашықтықтарға қатысушылар Mega Almaty СОО-дан Шығыс айналма автомобиль жолымен (ШААЖ) әдемі бағдар бойынша жүріп өтеді, «Halyk Арена» мұз кешенінен өтеді және Рысқұлов даңғылындағы жол айрығында кері бұрылады. 32 км қашықтықтағы атлеттер Әл-Фараби даңғылымен жүріп өтіп, Mega Almaty СОО-дан мәреге қарай бұрылады, ал 52 км қашықтықтағы қатысушылар өз бағдарын әрі қарай Саин көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін жалғастырады. Велосипедшілер бұрылып, Розыбакиев көшесіне жеткеннен кейін әрі қарай мәреге қарай бет алады.
Трассаның артықшылығы – 180 градусты құрайтын сүйір бұрылыстардың болмауы, барлық бұрылыстар жаңа айырықтар бойымен салынған, бұл әуесқой велосипед шабандоздардың бағытын жеңілдетеді.
- Үш жыл ішінде алғаш рет біз Қазақстанның және көрші елдердің велоспорт әуесқойлары көптен күткен велосипед жарысты өткізіп отырмыз. Ұйымдастырушылар ретіндегі біздің міндетіміз – жарыс өтетін трассаның сөресінен бастап, бүкіл өту жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Биылғы бағдар бұрынғылардан өзгеше. Биіктік жоғарылағандықтан, 34 және 57 қашықтықтар бойынша километраж сәйкесінше 32 және 52-ге дейін төмендетілді. Осылайша, жол қозғалысы ішінара шектеледі және спортшылар жол учаскелерінен өтуіне қарай ашылып отырады. Біз қала тұрғындарының түсіністікпен қарап, қолдау көрсететініне үміттенеміз, - дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры, «Tour of World Class Almaty» велосипед жарысының ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.
Көлік қозғалысы мына көшелерде шектеледі:
1) Розыбакиев көшесі (Шығыс және Батыс жағы) Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін 05:00-ден 13:00-ге дейін
2) Әл-Фараби даңғылы (оңтүстік жағы) Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 08:00-ден 09:30-ға дейін
3) Әл-Фараби даңғылы (солтүстік жағы) Назарбаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін 08:10 бастап 11:20 дейін
4) ШААЖ (шығыс жағы) 09:15-тен 09:50-ге дейін
5) ШААЖ (батыс жағы) 09:30-дан 10:40-қа дейін
6) Саин көшесі (шығыс жағы) Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін 10:30-дан 11:40-қа дейін
7) Саин көшесі (батыс жағы) Рысқұлов даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін 10:50-ден 12:00-ге дейін
Соңғы қатысушы сағат 13.00-ге дейін қашықтықты өткеннен кейін автокөлік қозғалысы толық қалпына келтіріледі.
Visa Tour of World Class Almaty велосипед жарысына жолдарды жабу кестесі
УАҚЫТЫ |
КӨШЕЛЕР |
5:00-13:00 |
Розыбакиев көшесі (Шығыс және Батыс жағы) Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін |
08:00-09:30 |
Әл-Фараби даңғылы (оңтүстік жағы) Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін |
08:10-11.20 |
Әл-Фараби даңғылы (солтүстік жағы) Назарбаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін |
09:15-09:50 |
ШААЖ (шығыс жағы) |
09:30-10:40 |
ШААЖ (батыс жағы) |
10:30-11:40 |
Саин көшесі (шығыс жағы) Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін |
10:50-12:00 |
Саин көшесі (батыс жағы) Рысқұлов даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін |
Қала тұрғындары мен қонақтарын 7 тамызға өздерінің жүру кестесі мен бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, оңтайлы қозғалыс бағдарын 2ГИС қосымшасы арқылы белгілеп алуға болады.
Велосипед жарыстың титулдық серіктесі: Visa
Құрметті серіктестер: Sulpak
Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы