AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жеке сот орындаушы жыл бойы борышкерлер есебінен...

Жеке сот орындаушы жыл бойы борышкерлер есебінен банктік депозитін 18 рет толықтырған

Заң мен тəртіп 02.12.2022, 04:43 958
Жеке сот орындаушы  жыл бойы борышкерлер есебінен банктік депозитін  18 рет толықтырған
Сурет: Almaty.tv

Елдегі жеке сот орындаушылардың осыған ұқсас заң бұзушылық фактілері тексерілді.


Прокуратура органдары жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасымен бірлесіп жеке сот орындаушыларының (бұдан әрі - ЖСО) 2021-2022 жылдары борышкерлерден өндіріп алынған ақшалай қаражатты уақтылы және толық аударуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.  


Алматы қаласында, СҚО, Қарағанды, Павлодар, БҚО және Ақмола облыстарында жүргізілген тексерулер ЖСО өндіріп алушылардың шоттарына аударуға жататын 1,1 млрд теңге мөлшерінде ақша ұрлаудың 660 фактісін анықтады.


Мәселен, елордалық ЖСО алимент бойынша жоқ қарызды әдейі анықтап, сот үкімімен мемлекеттің пайдасына тәркіленуге жататын 289 млн теңгені жеке тұлғаның банктік шотынан шешіп алған. Ол бұл қаражатты Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің бұрынғы бастығына аударған. Осы қызметі үшін ЖСО 10 млн теңге ұстап қалған. Алматылық ЖСО жыл бойы борышкерлердің қаражаты есебінен өзінің банктік депозитін жалпы сомасы 84 млн теңгеге 18 рет толықтырған.


Нәтижесінде ол пайыз түрінде 2 млн теңге табыс тапқан. Осыған ұқсас ЖСО өз депозитіне 13,6 млн теңге аударып, шамамен 5 млн теңгеге жуық сыйақы алған. Қарағандылық 7 ЖСО борышкерлердің 110 млн теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Басқа жағдайда, алматылық ЖСО «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушісі кәмелетке толмаған Болгамбаеваға арналған 400 мың теңгені жеке мақсатында пайдаланған.


Павлодарда ЖСО 3 жыл бойы 520 мың теңгеге екі баланың алимент қаражатын ұрлап отырған. Кейбір ЖСО-лар өндіріп алушылардың ақшаларын басшылардың шығындарын жабу үшін пайдаланған.


Батыс Қазақстан облысында ЖСО өңірлік палатаның басшысына және оның орынбасарына 1 млн теңге аударған. Олардың басқа әріптестері әйелдері мен туыстарына 4,7 млн теңге бөлген. Ақша қаражатын ұрлау мен ысырап етудің анықталған фактілері бойынша сотқа дейінгі 16 тергеу басталды. Сондай-ақ қадағалау актісі бойынша 7 ЖСО лицензиясы алынып қойылған, 2 лицензия тоқтатылды, 55 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жеке сот орындаушу #заң бұзушылық #ақша жымқыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);