Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жеке сектордағы жаңа инженерлік желілер

Жеке сектордағы жаңа инженерлік желілер

Әлеумет 06.01.2025, 10:20 1,064
Жеке сектордағы жаңа инженерлік желілер
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Алмалы ауданында сумен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешіліп жатыр

Алматының Алмалы ауданында бұрын орталықтандырылған инженерлік коммуникация болмаған жеке секторда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Маңызды жобалардың бірі – Индустриальная, Циолковский, Волховская және т.б. 12 көшеде су құбыры желілерін салу болды. Бүгінде осы көшелердің тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру аясында ұзындығы 15 км болатын жаңа кәріз желілері орнатылды, олар 19 көшені қамтиды. Оның 6 көшесінде жеке сектордың құрылысынан бері орталықтандырылған кәріз желілері болмаған. 2025 жылы қалған 13 көшеде жобаны іске асыру жалғасады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,8 мың тұтынушы орталықтандырылған инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

Төле би көшесі мен Волховская көшесінің қиылысындағы су құбыры сорғы станциясы да ойдағыдай жаңартылып, күрделі жөндеуден өтті. Бұрын станция апатты жағдайда болған және оның жабдықтары 1992 жылдан бері жөнделмеген. Реконструкциядан кейін 4 көпқабатты үйдің 500-ден астам тұрғыны үздіксіз сумен қамтамасыз етілді.

Жалпы, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылдың басынан бері 219 км жаңа су құбыры және кәріз желілері салынып, 27,3 км бар желілер жаңартылды, бұл 60 мыңғы жуық абонентті қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы 240 км су құбыры желісін салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #сумен жабдықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика