Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жеке куәліктегі қатені қалай түзетуге болады?

Жеке куәліктегі қатені қалай түзетуге болады?

Керек кеңес 30.01.2023, 05:52 1,787
Жеке куәліктегі қатені қалай түзетуге болады?
Сурет: Aqmeshit-zhastary.kz

Халықтың көбі машақатынан қашып, құжатын ауыстырғысы келмейді.


Азаматтардың туу туралы куәлігінде аты-жөні дұрыс жазылмағандықтан, барлық құжатында қате болады, қазір мұның бәрін түзетуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Неден бастау керек?


Алдымен туу туралы куәлікті түзету керек.


Барлық жеке құжат туу туралы куәліктің негізінде беріледі. Сондықтан алдымен соны түзетіп алу керек. Бүгінде бұл рәсім барынша жеңілдетілген.



«Туу туралы куәлікке түзету енгізу үшін немесе жеке мәліметті ауыстыру үшін, электронды үкімет порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы да өтініш қабылдайды. Сосын тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне барып, барлық құжатты тапсыру қажет», - дейді мамандар.



Өтінішпен бірге қате жазылған құжаттар да тапсырылады. Сондай-ақ 0,5 айлық есептік көрсеткіш (1 750 теңге) көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Барлығы дұрыс болса, жаңадан туу туралы куәлік беріледі.


18 жасқа дейінгі баланың құжатында қате болса, өтінішті ата-анасы, асырап алушылар немесе қамқоршылар беруі тиіс.


Куәліктен «ов-ев»-тер қалай алынады?


Қазақстанда 1996 жылы куәліктегі адамның аты-жөні, тегі мен әкесінің атын қазақша жазуға рұқсат берілді. Сол кезде қабылданған жарлыққа сәйкес, ұлты қазақ азаматтар тегi мен әкесiнiң атындағы қазақ тiлiне тән емес аффикстi алып тастауға құқылы. Алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Осылайша, «ов-ев» сияқты орысша жұрнақты алып тастап, әкесiнiң атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздерін қосып жіберуге болады.



E-gov порталында көрсетілген мәліметке сәйкес, текті қазақша жазу рәсімі өзгерту, толықтыру немесе түзетуге жатпайды. Сондықтан акт жазбасына түзету енгізілмейді. Халыққа қызмет көрсету орталығына бірден өтінішпен жүгінуге болады. Жеке куәлікті ауыстыру кезінде ұлттық-тарихи дәстүрлерді негізгі себеп ретінде көрсеткен жөн. Ал баланың құжатына өзгеріс енгізілсе, ХҚКО-ға немесе АХАЖ бөліміне қазақ тілді транслитерациясымен қайтадан туу туралы куәлікке өтініш жазу қажет.



Кей кезде мамандар өтініш берген адамның аты-жөні қазақ тілінде қалай дұрыс жазылатынын өздігінен анықтай алмайды. Ондайда Тіл білімі институтынан анықтама алуға болады. Оны да азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне апару керек. Өтініш бес күннің ішінде қаралады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құжат #ауыстыру #тек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика