Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Ж.Бекшин: Жаңа жылдан кейін Алматыда пандемияның б...

Ж.Бекшин: Жаңа жылдан кейін Алматыда пандемияның бесінші толқыны басталуы мүмкін

Коронавирус 23.12.2021, 13:34 1,099
Ж.Бекшин: Жаңа жылдан кейін Алматыда пандемияның бесінші толқыны басталуы мүмкін
Сурет: Yamal-media.ru

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин баспасөз отырысында мәлімдеді


Алматыда Жаңа жылдан кейін пандемияның бесінші толқыны басталуы мүмкін. Ал наурыз айының ортасында індеттің өршуі ықтимал, дейді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин. Абырой болғанда, «омикрон» штамы әзірге  тіркелмеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  


Бүгінде Алматыда эпидахуал тұрақталып келеді. Себебі мегаполисте ұжымдық иммунитет 58,4 пайызға жетті. Жалпы, жыл басынан бері коронавирусқа 164 477 алматылық шалдыққан. Бүгінде екпенің арқасында көрсеткіш айтарлықтай төмендеп, тәулігіне 30-дан аса науқас тіркелуде. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Дегенмен көрші мемлекеттерде дендеген «омикрон» штамы біздің елімізде де пайда болуы ықтимал дейді шаһар басшысы. Сондықтан халықты жаппай ревакциналау науқанына қатысуға шақырды.  


Коронавирустың жаңа мутациялары екпе алған немесе індетке шалдығып, жазылған адамдарға да қайта жұғып жатыр. Сондықтан барынша вакцинаның күшейткіш мөлшерін алып, иммунитетті нығайтқан дұрыс дейді дәрігерлер. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, мегаполис пандемияның кезекті толқынына дайын. Бүгінде қалада екпенің 585 700 дозасы бар. Оның ішінде «Спутник-V» екпесінің 33 756, QazVac-тың 50 мың, VeroCell-дің 223 мың 755 және Pfizer-дің 277 987 мөлшері тіркелген. Pfizer-мен иммундалып жатқан жүкті келіншектер саны да көбейіп келеді. Осы ретте мамандар вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеді дейді. Себебі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде екпе алып, босанған әйелдердің нәрестелерінде антидене біраз уақыт сақталатыны анықталған.  



«Қазір 50 шақты әйелдің баласында антидене бар екені белгіленген. Бірақ қашанға дейін сақталатыны әлі тексеріліп жатыр. Қазір 3-4 айға дейін оның күші сақталады делінуде. Ол ғылыми зерттеуге байланысты», – деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.



Бұл ретте әлем ғалымдары да екпе балаларды вирустан 100 пайыз қорғайтынын дәлелдеген еді. Бүгінде елімізде коронавирустың таралуы бойынша ахуал тұрақталды.  Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласында қайтадан науқастар саны көбейіп кетті. Сәйкесінше, бүгін «сары» аймаққа өтті. Бұл тізімде Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары да бар. Ал қалған 14 өңір «жасыл» аймақта орналасқан.   

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болжам #бесінші толқын #Пандемия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика