AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жазушы Ф.Тамендаров: Наурыз алматылықтардың жүрегі...

Жазушы Ф.Тамендаров: Наурыз алматылықтардың жүрегін елжіретті

Әлеумет 22.03.2024, 15:03 1,092
Жазушы Ф.Тамендаров: Наурыз алматылықтардың жүрегін елжіретті
Сурет: almaty-akshamy.kz

Наурыз мейрамы қазақстандықтар үшін жаңа жылдың басталуын білдіретін терең мәдени және тарихи маңызға ие. Тарихи тұрғыдан қарасақ, көктемнің келуін тойлау 8-9 күнге созылып, «Наурызнама» деп аталған. Биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамын жаңа тұжырымдама бойынша тойлайтын болады.


«Простор» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Фархат Тамендаров Наурыз мейрамының маңызды бөлігі отбасылық басқосулар мен отбасылық ортадағы қарым-қатынас екенін атап өтті. Сол секілді Тамендаровтар отбасында да мерекеде бас қосып, дастархан жайып, ұлттық тағамдар дайындау дәстүрге айналған.


Жаңа тұжырымдамаға қатысты сарапшы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы қазақстандық қоғамның рухы мен ынтымағын нығайтады деп есептейді. Сондай-ақ ол дәстүрлі киімді қайта жаңғыртудың оң үрдісін де атап өтті.


«Мемлекет басшысының бастамасымен үшінші Құрылтайда айтылғандай, наурыздың 14-і мен 23-і аралығында Наурыз мейрамын тойлаймыз. Мен бұл идеяны толығымен қолдаймын, өйткені бізге халықты біріктіретін, оның бірегейлігін көрсететін ұлттық мереке керек. Биыл ұлттық киімдерге ерекше көңіл бөлінгені, тек қазақтың ұлттық киімдерін ғана емес, республикамыздың бүкіл көп ұлтты халқының киімдерін көру маған ерекше ұнады және оған риза болдым. Бұл мереке мен үшін табиғаттың жаңаруын, шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын білдіреді. Осы кезеңде айтылған тілектер ағаштардағы гүлдердей бүршік атып, жемісін беретіні сөзсіз», - деді Ф.Тамендаров.


2024 жылы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы он күн – 14-23 наурыз аралығында өтетін болады. Наурызнаманың онкүндігі ұлттық киімдерден бастап, қазақ халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпына дейін қоғамның барлық саласын қамтуға арналған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #мереке #әлеумет #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика