Жазда тері аурулары өршуі мүмкін: дәрігерлер қандай кеңес береді?

  • 12:12, 22 шілде 2025
Жазда тері аурулары өршуі мүмкін: дәрігерлер қандай кеңес береді? Сурет: medikom.ua

Жазда қышыма ауруы жиі кездеседі және күн сәулесі терімізге жағымды әсер етуімен қатар, тері ауруларының қаупін де арттырады. Тікелей күн сәулесі меланома сияқты қауіпті аурулардың дамуна әкеп соғады. Теміржол және су көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы жазда тері ауруларын жұқтырып алмауға кеңестер берді,  деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Дәрігердің айтуынша, күнге күю терінің қартаюына және зақымдануына себеп болады.  

Адамдар дененің қышуына көбіне аса мән бермейді. Оны аллергиядан немесе дененің кірлеуінен деп ойлап жүре береді. Бірақ жазда дене қышып мазаны алса, қышыма кене жүрген болуы мүмкін. Оның көлемі өте кішкентай болғандықтан көзге де көрінбейді.

Бұл ауру жылдың барлық мезгілінде байқалады. Бірақ адамдар оның жазда таралуына оңтайлы сәт тудырады. Жеңіл, ашық киінеді, жағажайға, кісі көп шоғырланған орындарға барады. Туристерге гигиена қағидаларын сақтауға үнемі қолайлы жағдай бола бермейді. Соның әсерінен түрлі жұқпалы ауру адамнан адамға оңай жұғады.

Жазда теріні күту басқа мезгілге қарағанда қиынырақ. Өйткені жиі терлеу денеде түрлі микроағзаның көбеюіне, безеудің, жараның пайда болуына себеп болады. Бактерия оңай тарап, терінің көптеген инфекция агентімен жанасуына әсер етеді. Дәл осы себептерге байланысты жазда теміреткі, тері, тырнақ саңырауқұлақтары пайда болады.

Теміреткі жұқса, теріде қызыл дақтар, шеңберлер пайда болып, бөртіп, шаш та түсе бастайды. Балаға теміреткі жануарларға жақындауынан да жұғуы мүмкін. Ол баланың денесіне ғана емес, қалыптасуына, дамуына да зиян келтіреді. Дәрігер сол себепті теміреткіні емдеуді уақытынан кешіктіріп алмауды ескертеді.

Терінің тершеңдігі де – неврологиялық аурулардың бір симптомы. Аяқтың терлеуі, жағымсыз иістің шығуы – көбіне саңырауқұлақ ауруларынан және  вегетативті жүйкенің бұзылыстарының нәтижесінде пайда болады.  

Терінің саңырауқұлақты аурулары жиі кездеседі. Өйткені дене терлейді, күннің ыстығынан тершеңдікке бой алдырамыз. Ал саңырауқұлақ ылғалды, сулы жерді жақсы көреді. Сонымен қатар қайызғақтар  да саңырауқұлақтар ауруының нәтижесі де болуы мүмкін. Оған саңырауқұлаққа қарсы дәрілерді қолдану керек. Оны әрине, қандай ауру дан екенін алдымен анықтау қажет. Ол үшін лабораториялық диагностикадан жасау керек.

 Тері ауруларынан қалай сақтану керек?

Адамдар бар болғаны бірнеше маңызды қағиданы ұстанып, қауіпті аурулардан сақтана алады. Олар:

• таңғы 10:00 мен түскі 16:00 аралығы – күн сәулесі ең белсенді болатын уақыт. Бұл уақытта көлеңкеде болу.Күннің астында ұзақ жүрмеу;

• жеңі ұзын, жеңіл, жабық киім таңдау. Әсіресе, сыртқа баскиімсіз шықпау;

• SPF 30 немесе одан жоғары күннен қорғайтын крем пайдалану;

• жеке гигиенаны қатаң сақтау;

• көзге күннен қорғайтын көзілдірік тағыу

• тері күтіміне арналған құралдарды пайдалану.

Денеңізде бөртпелер байқасаңыз, бірден дерматологтың көмегіне жүгіну қажет. Өйткені әр адамдағы тері ауруы түрлі сипатта болады және бір адамға қолданылған ем екіншіге көмектеспеуі мүмкін. Сол себепті тері ауруын емдеу тек дәріханадан дәрі, жақпа май алумен шектелмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:30

16:23

15:55

15:24

14:45

14:04

13:25

13:12

13:03

12:57

12:52

12:41

12:39

12:20

12:12

11:27

10:54

10:15

09:51

09:43

09:33

09:03

23:21

21:42

17:30