AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жазда қайда барамыз? Ақшаны үнемдеп, демалысты ере...

Жазда қайда барамыз? Ақшаны үнемдеп, демалысты ерекше өткізуге болатын 7 бағыт

Мұны білген жөн 21.05.2025, 11:22 769
Жазда қайда барамыз? Ақшаны үнемдеп, демалысты ерекше өткізуге болатын 7 бағыт
pixabay.com

Жаз жақындаған сайын бәріміз жұмыстан босап, бір демалып алуды аңсаймыз. Бірақ қалта теспейтін әрі қызық саяхатты қалай жоспарлауға болады? Бұл жағдайда нені ескеру керек? Біз осы сұрақпен авторлық турлар ұйымдастыратын Ақерке Оңғарға жүгіндік. Ол жазда тиімді саяхаттауға болатын бағыттар мен оның бағасына әсер ететін негізгі факторларды атады. 

Қазақстандықтар жиі баратын арзан елдер 

Ақерке ханым бұрын тек "бай-бағландардың бағыты" саналатын Дубайды қазақстандықтар жиі баратын арзан елдер қатарына қосты. Сондай-ақ бұл тізімде Қытай мен Мысыр да бар. 

Жаңа бағыт - Азия елдері

Маманның айтуынша, қазір қазақстандықтар бұрынғыдан жиі саяхаттайды.

"Бұрын  шетел десе, тек Түркия, БАӘ, Қытай еске түсетін. Бұл бағыттар негіз болып қалыптасып қалған. Бұдан басқа елдерге баруға қауіпсіздік, тіл, тағам мәселесі әсер етеді. Бірақ кейінгі 2 жылда отандастар оңтүстік-шығыс Азия елдеріне көп саяхаттай бастады. Мысалы, Малайзия, Индонезия, Сингапур, Вьетнам сынды елдерге баратын адам көбейді. Бұған әлеуметтік желі де көп ықпал етті. Желіде бұл елдердің қауіпсіздігі, әдемілігі, ақша жағынан да тиімділігі, дамып жатқаны көрсетілген. Бір қызығы, ерекше жерлерге барудан тартыншақтаймыз. Бір қазақ қайда барып жарнама жасаса, сол елге бас саламыз. Яғни, маркетингтің әсері бар. Алайда жастар қазір бәрі барып жүрген Дубай мен Түркиядан гөрі, қазақтарға жат, тропикалық бағыттарға көбірек қызығушылық танытып жүр. Бұл елдерге шығын да аз кетеді", - деді ол. 

Мысыр. Фото:pixabay.com

Бірақ мынаны ескеріңіз, бір елге қазақстандықтар көп бара бастаса, келер жылы ол бағыттың бағасы 3 есе өсуі мүмкін. Малайзия – соның дәлелі.

Саяхатшылар үшін "арзан" деген ұғымды немен өлшеуге болады?

"Әдетте, шетелге шығатын кез келген саяхатшы ұшақ билеті мен қонақүйдің бағасына қарайды. Мысалы, тур-пакет арзан болса, көз жұмып сол елді таңдайды. Бірақ ол елде керісінше, қалта шығыны көп болуы мүмкін. Оны ізденіп, зерттейтіндер аз", - дейді Ақерке ханым. 

Саяхат бағасына әсер ететін негізгі факторлар қандай?

  1. Маусымдық сұраныс
  2.  Ұшақ билеттерінің құны
  3. Турпакет немесе жеке саяхат
  4. Қалта шығыны
  5. Елдегі экономикалық жағдай мен валюта бағамы
  6. Туристік трендтер мен әлеуметтік желі
  7. Виза мен сақтандыру шығындары

"Ең алдымен, маусымдық сұраныс. Мысалы, адамдар ең жиі саяхаттайтын бағыт БАӘ-ға қыста саяхаттаған қымбат. Жазда ауа райы қатты ыстық, саяхатшылар аз болған соң ұшақ билеттері де қонақүй бағасы да арзандайды. Екінші фактор -  инфляция. Мысалы, бұрын Түркияға баратын қазақ көп болса, қазір азайған.Лираның құнсыздануы мен елдегі экономикалық тұрақсыздық салдарынан Түркияда баға өсіп жатыр. Бірақ бізде әлі күнге дейін “Түркия — арзан ел” деген түсінік қалыптасқан", - дейді ол.

Түркия. Фото:pixabay.com

Былтырмен салыстырғанда, биыл саяхаттау арзан ба, қымбат па?

"Саяхаттау жыл сайын қымбаттап келеді. Бұрын халық арзан әрі тиімді саяхаттаудың жолдарын біле бермейтін. Бұл тұрғыда әлеуметтік желілердің ықпалы зор — қазір тәжірибелі саяхатшылар үнемді саяхаттауға қатысты лайфхактарын бөліседі"

Қазақтар үшін қай елдер қолайлы? 

Ақерке ханымның айтуынша, қазақтар үшін тілі, тағамы, менталитеті жағынан Түркия, Гүржістан, Әзербайжан, БАӘ елдеріне саяхаттаған қолайлы.

Жаңа хит – Әзербайжан, Вьетнам (Дананг)

Ақерке ханым демалыстың екі түрін ажыратады:

  • Пассив демалыс (жатамын, суға түсемін): Дубай, Катар, Таиланд, Мысыр – турпакетпен барған тиімді.
  • Белсенді демалыс (жаяу жүремін, көремін): Малайзия, Гүржістан, Түркия, Еуропа – саяхат жоспарын өз бетіңізше ұйымдастырған дұрыс.

Вьетнам. Фото:depositphotos.com

Қалай үнемдеуге болады? Лайфхактар

  • Маусымнан тыс уақытта барыңыз. Мысалы, Дубай жазда арзан.
  • Билетті ерте алыңыз, кейде алғашқы рейстер 3 есе арзан болады (мысалы, Малайзия).
  • Блогерлерді оқыңыз, лайфхактардан үнемдей аласыз. 
  • Жаңа бағыттарды аңдып отырыңыз – алғашында бәрі арзан болады.

Жолыңыз болсын! 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяхат #шетел #қыдыру #сапар #Әзербайжан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Наурызбен құттықтады

Бүгін 09:39

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 08:39

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Кеше 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Кеше 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Кеше 19:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика