AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жаз қызығы - демалыс

Жаз қызығы - демалыс

Барлығы 03.06.2025, 10:43 763
Жаз қызығы - демалыс
Сурет. aqshamnews.kz

Жетісу ауданына қарасты №108 мектеп-гимназиясының оқушылары  үшін  «Тұмар» этно-лагері 26 мамыр мен 9 маусым аралығында ерекше жоба аясында  ұлттық рухты жаңғыртып, өз жұмысын бастады.

Бұл лагерь – тек жазғы демалыстың қызықты өтуіне ғана емес, ұлттық құндылықтарды жүрекке сіңіруге бағытталған тағылымды бастама іспетті. Мектеп ауласында кигіз үй тігіліп, іші көркем  безендірілген. Ерекше талғаммен безендірілуінің өзі  нағыз қазақи болмысқа сай жасалған.  Киіз үйге бас сұқсаңыз – тұнып тұрған тарихқа кенелесіз. Мұнда мектеп  оқушылары тек  ұлттық ойын ойнап қана қоймай,  ата дәстүрімен астасқан өнерді көзбен көріп, көңілге тоқиды. Ең бастысы сол көркем өнерді  өз қолдарымен жасап көреді. Міне, аз ғана уақыт ішінде балалар бауырсақ пен құрт дайындап, домбыра тартуды да үйреніп алды.  Тарихқа бойлап,  сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырымен танысты. Мұның барлығы – ата-баба мұрасын жас буынның  санасына сіңірудің  нақты қадамы.

«Тұмар» этно-лагерінің мақсаты – ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін, руханияты мен салт-дәстүрін дәріптей отырып, баланың  бойына елжандылық пен ұлттық сананың  дәнін себу. Бұл игі бастама арқылы төл мәдениетімізді тереңірек танытып, қазақы болмысты жаңғырту көзделіп отыр.  Лагерьдегі демалыс барысында  оқушылар «Бес асық» секілді ұлттық ойынды үйреніп, ұлттық құндылықты бойына сіңіре бастады.

Жалпы, «Бес асық» – ұқыптылық пен дәлдікті, шапшаңдық пен ептілікті талап ететін көне ойын.  Сондықтан болар балалардың да  қызығушылығы ерекше.  Лагерді ұйымдастырушылардың сөзінше,  ұлттық ойын арқылы  баланың сана-сезімін дамыту көзделіп отыр. Сонымен қатар, оқушылар  күнде «Қара жорға» биін билеп, ұлттық би элементтері арқылы сымбаттылыққа, салауатты өмір салтына қадам басты.  Мұндағы әрбір  қимылда – қазақтың мыңжылдық мұрасы, әр ырғақта – халқымыздың рухы сезілді.  Балалар үшін арнайы ұлттық ойындар, байқаулар мен викториналар ұйымдастырылды.  Аспан астындағы ойындар мен киіз үй ішіндегі атмосфера, шеберлік сабақтарының тәрбиелік мәні зор. Оқушылар тек ойын ойнап қомай, ұлттық рух пен салт-дәстүрдің терең тамырына бойлары сөзсіз.  

Қазақта  «Жастайынан үйретсең – тасқа ойған таңбадай»,- деген тәмсіл текке айтылмаса керек. «Тұмар» этно-лагері –  өнегенің, ата-баба аманатына деген адалдықтың көрінісі.  Мұндай бастамалар – ұлттың рухани тамырын үзбей, келер ұрпаққа жол сілтейтін шамшырақ іспетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаз #лагерь #демалыс #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 10:15

3 қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 10:08

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Кеше 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Кеше 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Кеше 16:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика