Уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру жобасы жүзеге асады.
2023 жылдың 27 мамырында, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында және «Pro bono» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «JASYL EL» жастар жобасының жазғы маусымының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
«JASYL EL» уақытша маусымдық жұмысқа орналасу жобасының мақсаты - студенттер мен жұмыссыз жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, сондай-ақ экологиялық және патриоттық тәрбиені насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Іс-шара барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырған керемет концерттік бағдарламамен басталды. 800-ден астам «JASYL EL» еңбек жасағы, эстрада жұлдыздары, соның ішінде Dake, Medet&Aqsultan, OCHOOOU, сондай-ақ қала жастары мен танымал блогерлер ашылу салтанатына қатысты.
Биыл жоба аясында маусымдық жұмысқа 14 пен 35 жас аралығындағы 2100 жас уақытша жұмысқа орналастырылды. Бұл оларға тәжірибе мен дағдыларды игеруге, сондай-ақ қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Сенбілікке қатысушыларға қоршаған ортаны бірлесіп таза және жақсы ұстау үшін қаптар мен қолғаптар берілді.
«JASYL EL» жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріп қана қоймай, жастарды белсенді болуға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға және қоғамдық өмірге қатысуға шабыттандырды.
Осы маңызды жобаға қатысқандардың барлығына, әсіресе, өз міндеттерін ынтамен және жауапкершілікпен орындаған қатысушыларға рахмет. Біз бірге жастарымыз бен қаламыз үшін жақсы болашақ жасаймыз.
«Әлемдегі жаһандық экологиялық жағдай күрделене түсуде және қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті болып жатыр. Сондықтан жастардың қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауы көңіл қуантады», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жетекшісі Қ. Меңдіғалиев.
Мегаполис жастарының белсенділігі мен еңбекқорлығы жөнінде ой айтылды. Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Жанар Арнаева мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда қала бойынша «JASYL EL» маусымдық жұмысына ниет білдіруші жастар қатары артып барады. Дәп қазіргі мәлімет бойынша 2000 көлемінде жастар бар. Мұндай шараның мақсаты шаһар тазалығына бей-жай қарамауға шақыру. Алматы әсем қала. Сондықтан бұндай мегаполисті жандандыру өз қолымызда», - деді ол.
Іс-шарада өз еркімен қосылып, белсенді жұмыс атқарауға ниеттілер көп байқалды. Олар студенттік демалыс кезінде қаланың гүлденуі үшін белсенділік танытады. Мұны «JASYL EL» мүшесі айтты.
«Біз, жастар, өз жатақханамызда, оқу орнымызда, қала берді, қалаға сенбілік жұмыстарын жасап тұрамыз. Бұл ісімізді тек акция ретінде қарамаймыз. Қайта қала өмірінің тұрғындарға қолайлы болуына үлес деп түсінеміз. Өзім өткен жылдан бері қатынасып келемін. Кішігірім үлес қосқаныма ризамын», - деді Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің 3 курс студенті Асылбек Гүлнұр.