AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағай...

«Жасыл Даму» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды

Әлеумет 01.02.2022, 09:49 1,487
«Жасыл Даму» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Бұл қызметті Жанат Самат атқарады.


Қазақстандағы қалдықтарды жинау бойынша жаңа оператор ретінде анықталған «Жасыл Даму» АҚ-на жаңа басшы келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің бұйрығымен «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып Жанат Самат тағайындалды», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жанат Самат 1980 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген.


Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингілеу бөлімінің бас салық инспекторы болып бастады. Әр жылдары облыстың салық комитетінде Келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, Жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, Жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды.


2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.


2014-2016 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы «Байқоңыр» (Байқоңыр)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі.


2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры болып жұмыс істеді.


Тұрмыс құрған, үш баласы бар.
Экономика ғылымдарының кандидаты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #Қазақстан #қалдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);