AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жастар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

Жастар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

Барлығы 13.02.2026, 18:43 709
Жастар Конституцияның жаңа жобасын талқылады
Самат Құсайынов

Алматы қаласы Наурызбай ауданының комьюнити-орталығында Конституцияның жаңа жобасын талқылауға арналған диалог алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жастар Конституция тақырыбында өз ой-пікірлерін арнайы параққа жазып, оны ортақ тақтаға ілді. Жазбада Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғамдағы рөлі, жастардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік туралы жеке көзқарастары көрініс тапты. Кездесу интерактивті және пікірталас форматында болды.

- Мақсатымыз –  жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, құқықтық мәдениетін дамыту, жастардың Конституция туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, заң үстемдігі мен жауапкершілік қағидаттарын түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында ашық пікір алмасу мен белсенді азаматтық қатысуды дамыту, – деді Наурызбай ауданы комьюнити орталығының жетекшісі 

Іс-шараға жастар ұйымдарының өкілдері, сарапшылар, комьюнити-орталық жетекшілері, қоғамдық ұйымдар мен медиа саласының өкілдері қатысты. Жиынға қатысқандардың бірі Айбек Берікболұлы жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдірді.

- Кездесу белсенді жастардың және студенттердің қатысуымен өтті. Биыл 15-наурызда өтетін жалпыхалықтық референдум жайлы өз позициямыз бен көзқарасымызды білдірдік. Алматы қаласының жастары әрдайым науқандарға, акцияларға белсенді қатысуға дайын. Жалпы Конституция — ол ең алдымен мемлекеттің тірегі. Сондықтан заман ағымына сай оның толықтырылып, бекітілу керек деп ойлаймын. Оның ішіндегі жаңа Конституция жобасында цифрлық қауіпсіздік тармағының қосылуы құптаймын. Цифрлық қауіпсіздік осы кезге дейінгі заңда мүлдем белгіленбеген еді. Енді заң аясында осы бағытта адамның құқықтары нақты бекітілді, – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Бүгін 14:15

Қазақстанда бір апта ішінде картоп, пияз және қырыққабат бағасы төмендеді

Бүгін 13:59

Алматыда «Патологтар мектебі - 2026» өтті

Бүгін 13:51

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Бүгін 13:40

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – аса маңызды міндет»

Бүгін 13:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);