AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жасанды интеллект, роботтар және жүрек транспланта...

Жасанды интеллект, роботтар және жүрек трансплантациясы: Алматыда болашақ медицинасы енгізіліп келеді

Барлығы 29.10.2025, 18:12 585
Жасанды интеллект, роботтар және жүрек трансплантациясы: Алматыда болашақ медицинасы енгізіліп келеді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылық онкологтар елде алғаш болып химиопрепараттарды дайындауға арналған KiroOncology роботтандырылған жүйесін енгізді. 

Алматы Қазақстандағы технологиялық медицинаның флагманына айналып келеді. Елде алғаш рет Алматылық онкология орталығында химиопрепараттарды дайындаудың роботтандырылған KiroOncology жүйесі енгізілді. Бұған дейін аталған жүйе тек Еуропа мен АҚШ клиникаларында пайдаланылған. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым мәлімдеді.

Оның айтуынша, сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет №3 қалалық емханада тіркеуші қызметін атқаратын жасанды интеллект негізіндегі дауыс роботтары іске қосылды. Жүйе пациенттің сөзін естіп, түсінеді, кеңес береді және өтінішті реттейді. Алдағы уақытта бұл тәжірибе барлық қалалық емханаға енгізіледі.

«Алматы медицинаны неғұрлым дәл, қауіпсіз әрі қолжетімді ететін технологияларды енгізіп келеді», — деді Нұрлан Әбдірахым.

Сонымен қатар, қалалық кардиология орталығы базасында алғаш рет қалалық деңгейде жүрек трансплантациясы бойынша ота жасалуға дайындық жүргізіліп жатыр.

Кадрлық әлеуетке ерекше көңіл бөлінуде. Алматы әкімінің орынбасарының айтуынша, жыл сайын қаланың медициналық мекемелеріне 400 жас маман жұмысқа келеді, олар баспанамен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі. Сұраныс жоғары бағыттар бойынша 124 дәрігер резидентураға жіберілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онкология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);