AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жас зерттеушілер Президент Архивінде

Жас зерттеушілер Президент Архивінде

Білім және ғылым 29.03.2023, 09:36 1,178 Almaty-akshamy
Жас зерттеушілер Президент Архивінде
Сурет: Ашық дереккөз

Өткен жылы Балалар жылы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының байқауын өткізуге бастамашы болған еді. Байқауды қорытындылау «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты І Халықаралық архившілер Конгресі аясында ұйымдастырылды (2022 ж. 19–21 қазан).


Биыл да дәстүрді жалғастыра отырып, Архив Алматы қаласы білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» атты ІІ байқауын жариялады. Іс-шараның мақсаты – жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының интеллектуалдық және тұлғалық дамуы, олардың тарихты оқыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық тарихқа қатысты деректі дереккөздерді, туған жер, отбасы туралы деректі дереккөздерді зерттеу мен сақтауға тарту болып табылады.



27 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде зерттеуші Р.Р. Шаяхметовпен кездесу ұйымдастырылып, оған Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары шақырылды. Ринат Равильұлы Шаяхметов – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған (1946–1954) Жұмабай Шаяхметовтің немересі. Ол сонымен қатар 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві тарапынан дайындалып, жарияланған «Жумабай Шаяхметов. Документы и материалы» құжаттық жинағының құрастырушыларының бірі. Ринат Равильұлы ғылыми-зерттеу жұмысында отбасылық архивтің алатын орны ерекше екенін айта келе, өзінің отандық және шетелдік архивтердегі көп жылдық тәжірибесі, зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері туралы айтып өтті.



Жас зерттеушілер құжаттармен жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларды талқылады, сонымен қатар байқауға қатысудан алған әсерлерімен бөлісті.


«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» байқауы оқушылардың ғылыми жобаларды дайындауда тәжірибесі мен құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді және мұндай кездесулер олардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа ізденістер мен идеяларға шабыттандырады.


Ботагөз Бейсенбекқызы,
ҚР Президент Архивінің Оқу-әдістемелік 
орталығының сарапшысы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#архив #жас зерттеушілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);