Жас зерттеушілер форумы болашаққа серпін береді

Жас зерттеушілер форумы болашаққа серпін береді Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы елімізде алғаш рет Жас зерттеушілер форумын өткізді.

Бұл форум – ғылымға, зерттеу мен инновациялық қызметке қызығушылық танытқан мектеп оқушыларын біріктіретін бірегей алаң. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ғылыми ойлауды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және ғылыми білімді кеңінен насихаттау.

Іс-шараға  Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, әкімшіліктердегі білім басқармаларының басшылары, жетекші жас ғалымдар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 400-ден астам республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған дарынды мектеп оқушылары және олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

Форум оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары мен әзірлемелерін таныстыруға арналған ашық алаңға айналды. Мұнда олардың дайындық деңгейі бағаланып, жетекші ғалымдар мен сарапшылар тарапынан кәсіби пікірлер ұсынылды. Сонымен қатар, STEM білімін дамыту, халықаралық тәжірибені орта білім жүйесіне енгізу және Қазақстандағы мектеп ғылымының болашағы сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Форум бағдарламасында «Мектеп оқушыларының ғылыми және инновациялық жобалары мен әзірлемелерінің көрмесі», «Зияткер» атты интеллектуалдық командалық сайыс, «Академик Қ.И. Сәтбаев, археология және Қазақстан ғылымы тарихы музейлеріне экскурсия», «Отандық және шетелдегі жетекші жас ғалымдар мен академиктердің баяндамалары мен мастер класстар», «Жас зерттеушілердің баяндамалары мен өз жобаларын таныстыруы», «Жас зерттеушілер форумы аясындағы байқаулар жеңімпаздарын марапаттау рәсімі», «Қожа – жаңа саяхат» фильмінің көрсетілімі қамтылған.

Форум нәтижесі бойынша ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында Жас зерттеушілер академиясы құрылу қарастырылды.

«Қазақта «Асыл тастан, ақыл жастан» деген аталы сөз бар. Яғни, біздің ғылымыздың болашағы жастардың қолында. Олай болса қабілетті жас таланттарды тауып, оларды заман талабына сай тәрбиелеп, білім деңгейін шыңдау біздің қасиетті міндетіміз болмақ», – деді ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясынының президенті А.Күрішбаев.

О.Жолдыбай

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:12

16:16

16:13

16:11

16:08

16:06

15:52

15:23

15:20

15:10

15:09

15:04

15:02

14:28

14:23

13:32

13:30

13:28

13:27

12:50

12:45

12:03

11:59

11:43

11:34