конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 м...

Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты

Алматы Бүгін 11:59 43
Jas Vibe Алматы аудандарын аралап жүр: акцияға 5 мыңнан астам адам қатысты
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Jas Vibe акциясы 12 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған ALMA LOVE 2026 қалалық жастар фестивалі аясында Jas Vibe акциясы жалғасуда. Алғашқы бес күннің ішінде жобаға 5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Акцияның басты ерекшелігі – қала аудандарын аралап жүрген брендтелген Jas Vibe автобусы. «Жас Алматы» ұйымының белсенділері мен фестивальдің маскоттарымен бірге команда түрлі байқаулар мен интерактивтер ұйымдастырып, тұрғындарды фестиваль бағдарламасымен таныстырып, ALMA LOVE фестивалінің қорытынды концертіне шақыруда.

Бағыт қаланың орталық көшелері мен танымал қоғамдық кеңістіктерін ғана емес, шалғай шағынаудандар мен қаланың төменгі бөлігін де қамтитындай етіп жасалған. Автобус аулаларға, скверлерге және тұрғындардың демалыс орындарына тоқтайды.

«Әдетте мұндай іс-шаралар қаланың орталығында өтетін. Сондықтан біздің ауданға осындай жарқын автобустың келгені ерекше әсер қалдырды. Ұйымдастырушылардың шалғай аудандарға арнайы келіп, тұрғындармен кездесіп, байқаулар өткізіп жатқаны қуантады. Бұл мерекенің шынымен бүкіл қала үшін ұйымдастырылғанын көрсетеді», – деді акцияға қатысқан алматылық жас тұрғын.

Аялдамаларда ALMA LOVE фестивалінің қорытынды концерті өтетін фан-аймаққа шақыру билеттері ойнатылады. Оларды байқаулар мен интерактивтерге белсенді қатысқан тұрғындар жеңіп ала алады.

Jas Vibe акциясы 12 тамызға дейін жалғасады. Сол күні ALMA LOVE 2026 фестивалі мерекелік қорытынды концертпен аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар енді балалар арқылы ата-ананың ақшасын ұрлауға кірісті

Бүгін 12:25

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Бүгін 12:15

Алматылықтар Сұлтан Сүлейманмен кездеседі

Бүгін 12:10

Еңбек биржасында ұшқыштар ең жоғары жалақы сұраған

Бүгін 11:44

Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);