AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жас қаламгерлер патриоттық тақырыпта өз ойларын бі...

Жас қаламгерлер патриоттық тақырыпта өз ойларын білдірді

Әлеумет 21.11.2024, 09:17 944 Bakyt
Жас қаламгерлер патриоттық тақырыпта өз ойларын білдірді
aqshamnews.kz

Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында "Патриоттық рух – басты құндылық" тақырыбында ұйымдастырылған эссе жазу байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараны республикалық "Жанашыр" халықаралық қоғамдық қоры Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізді.

Бұл шараның басты мақсаты – оқушылар арасында патриоттық құндылықтарды насихаттап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.

– Конкурсқа Алматы қаласының 40 мектебінен 200-ден астам оқушы қатысты. Байқауға 4-6 және 7-9-сынып оқушылары өз жұмыстарын ұсынды. Қазылар алқасы олардың шығармаларын мұқият саралап, үздік эсселерді анықтады. Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік, Отан және патриоттық сезім тақырыптарына қалам тербеген оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға "Алматы ақшамы", "Ұлан", "Дружные ребята" басылымдарының өкілдері де қатысып, бізге қолдау көрсетті, – деді жоба жетекшісі, "Жанашыр" халықаралық қоғамдық қорының төрайымы Жаңыл Әпетова.

Шығармашыл оқушыларға ерекше сый

Alatau-Aqparat медиахолдингіне қарасты "Алматы ақшамы" газеті шығармашыл өрендерді қолдау мақсатында арнайы сыйлық тағайындады.

– Біздің газет ұжымы №99 мектептің 5-сынып оқушысы Айжан Жұмаділдәнің эссесін үздік деп таныды. Айжан өз шығармасында атасы мен әжесінің тәрбиесін негізге ала отырып, патриотизмді үлкендерден алған өнегемен шебер ұштастырған. "Отан – отбасынан басталады" десек, бұл эсседен мейірімділік, қамқорлық, елге деген сүйіспеншілікке бағытталған тәрбиенің көрінісін байқадық. Осындай ортада өскен баланың болашағы жарқын болары сөзсіз, – деп атап өтті сыйлықты табыстаған "Алматы ақшамы" газетінің бөлім редакторы, "Ақпарат саласының үздігі" Нұржамал Әлішева.

Бұл байқау алматылық оқушылардың патриоттық рухын оятып, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға серпін берді. Елін, жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу жолында осындай шаралардың маңызы зор.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушы #шығарма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);