Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала қарбалас / Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау

Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау

Қала қарбалас 13.12.2024, 12:43 1,780
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
aqshamnews.kz

Алматыда балалар хор ұжымдары арасындағы үздіктер анықталды

2024 жылдың 12 желтоқсанында Наурызбай ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша ұйымдастырылған «МӘҢГІЛІК ЕЛ ӘУЕНДЕРІ» атты І қалалық балалар хор ұжымдары арасындағы байқаудың Гала-концерті және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Алматы қаласының барлық 8 ауданында іріктеу турлары ұйымдастырылды. Бұл кезеңге 200-ден астам мектептен 10 мыңға жуық жас өнерпаз қатысты. Іріктеу турларында жеңімпаз атанған екі хор ұжымы байқаудың қалалық кезеңінде бақ сынады.

Хор үйірмесіне қатысу балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға ерекше ықпал етеді. Әрбір хор мүшесі өз орындауына жауапкершілікпен қарап, әншілік шеберліктерін шыңдайды. Бұл олардың музыкаға деген қызығушылығын арттырып, орындау шеберліктерін жетілдіреді. Хор өнері балалардың шығармашылық қабілеттерін ашып, музыкалық ой-өрістерін кеңейтеді.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту, хор өнеріне деген қызығушылығын арттыру, жас таланттарға қолдау көрсету. Байқау жастардың шығармашылық әлеуетін көтеру арқылы олардың қоғамда белсенді, жауапты және еңбекқор азамат болып қалыптасуына ықпал етуді көздейді.

Байқаудың әділқазылар алқасының құрамына Қазақстанның және шет елдердің танымал мәдениет және өнер қайраткерлері енді: Демеуов Беймбет Кенесбайұлы, Чалова Оксана Викторовна, Романов Сергей Иванович, Жарменова Лейля Бахитуллаевна, Маханов Ғани Аманкелдіұлы.

Қалалық кезеңге Алматы қаласының 8 ауданынан 16 хор ұжымы қатысты. Олардың қатарында Алмалы ауданының №79 мектеп-гимназиясының «Бәйтерек» хор ұжымы, №90 мектеп-лицейінің «Елім-ай» хор ұжымы, Медеу ауданының №56 мектеп-гимназиясының «Мечта» хор ұжымы, Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясының «Жұлдыздар» хор ұжымы, Түрксіб ауданының №198 мектеп-гимназиясының «Жас талант» хор ұжымы, Әуезов ауданының №130 мектеп-гимназиясының «Балдәурен» хор ұжымы, Алатау ауданының №184 жалпы білім беретін мектебінің «Балауса» хор ұжымы, Бостандық ауданының №140 мектеп-гимназиясының хор ұжымы, Наурызбай ауданының №200 мектеп-гимназиясының «Жас дауыс» хор ұжымы және тағы басқалар бар.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені №83 мектеп-гимназиясының «Көкек» хор ұжымы жеңіп алды. Бірінші орынды №79 мектеп-гимназиясының «Бәйтерек» хор ұжымы иеленсе, екінші орынды №207 мектеп-лицейінің «Ақ көгершін» хор ұжымы және №57 мектептің «Жетісу жауһарлары» хор ұжымы өзара бөлісті. Ал үшінші орынды №140 мектеп-гимназиясының хор ұжымы мен №210 мектеп-лицейінің «Әуен» хор ұжымы алды.

Жалпы жүлде қоры 12 618 000 теңгені құрады. Бас жүлде иегеріне 3 000 000 теңгелік дыбыстық акустикалық жиынтық табысталса, бірінші орынға 1 936 000 теңгелік, екінші орынға 1 500 000 теңгелік, үшінші орынға 1 000 000 теңгелік дыбыстық акустикалық жиынтықтар сыйға берілді. Барлық қатысушыларға Shure радиомикрофондары табысталды.

Бұл байқау жас өнерпаздарға үлкен серпін беріп, олардың хор өнеріне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті. Байқау балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, жаңа биіктерге жетелейтін мықты ынталандыру болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #хор өнері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлау кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және Алматы қаласының мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Бүгін 18:54

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Бүгін 18:07

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Бүгін 17:22

"Іле Алатауы" МҰТП құрылғанына 30 жыл

Бүгін 17:16

ҚТЖ тарифті көтере алмайтын болды

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі