AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Jas fest: Алматыда 3000-нан астам жастың басын қос...

Jas fest: Алматыда 3000-нан астам жастың басын қосқан фестиваль өтті

Әлеумет 13.08.2024, 09:05 959
Jas fest: Алматыда 3000-нан астам жастың басын қосқан фестиваль өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы жастар қаласы, Мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады. Жастар күні 1999 жылдан бері 12 тамызда бүкіл әлемде тойланады. Бұл жастарға, олардың жетістіктері мен әлеуетіне арналған ерекше күн.

Көк-Төбеде Халықаралық жастар күніне орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен, «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігін өткізу аясында «JAS FEST 2024» open air фестивалі өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараға 3000-нан астам адам, оның ішінде комьюнити орталықтар мен ҮЕҰ өкілдері, еріктілер мен қала белсенділері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында, қала жастарының басын қосып әдемі кеш өткізу дейді ұйымдастырушылар.

Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы жастарды қолдауға түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, биыл 3-12 тамыз аралығындағы «Жастармен бірге» ұлттық онкүндік аясында Алматыда жастарға 60-тан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

«Бүгін осы фестивальге достарыммен келіп ерекше сезімге бөлендім. Жастар күнін қалада осылай атап өтіп жатқаны ерекше қуантады. Шеберлік сабақтар мен мерекелік концерт қатты ұнады. JAS FEST секілді фестивальдар қалада жиі өтіп тұрса екен.» – деді қала тұрғыны Аяулым Шапенова.

Фестиваль аясында концерттік бағдарлама, шеберлік сабақтар және қаламыздың демалыс орталықтарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Бұндай шараға келуімнің басты мақсаты тек концерт көру емес, сондай-ақ жаңа достар тауып ортамызды кеңейту. Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі жылы болса, тағы да келер едім» - деді жас алматылық Қуат Айтқалиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Jas fest #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Кеше 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Кеше 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Кеше 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Кеше 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Кеше 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика