конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жарқын күз»: Алматыдағы Баум тоғайында ірі экоакц...

«Жарқын күз»: Алматыдағы Баум тоғайында ірі экоакция өтті

Әлеумет 18.10.2024, 17:37 1,706 Bakyt
«Жарқын күз»: Алматыдағы Баум тоғайында ірі экоакция өтті
Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін Алматыда «Жарқын күз» қалалық науқаны аясында Баум тоғайында тазалау және көгалдандыру іс-шаралары өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Акцияға қаланың экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының өкілдері, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі, эко-белсенділер және тұрғындар қатысты.

«Мұндай акциялар өте қажет, тазалау жұмыстарынан бөлек, біз көгалдандырамыз. Қаламыздың саябақтары мен скверлері – негізгі оттегі көздері, сондықтан оларды қорғауымыз керек», – деді Бостандық ауданының қоршаған ортаны қорғау бөлімі басшысы Арсен Айдынбеков. 

Акция Қазақстандағы Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен тұспа-тұс келді. Бұл мереке жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қызметінде ерекшеленген ведомство қызметкерлері кәсіби мерекесі қарсаңында алғыс хаттармен марапатталды. 

 

«Табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық жасау – біздің міндетіміз. Табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу үшін бар күшімізді саламыз», – деді орманшы Қуандық Дәулетияров. 

«Жас Эко Патруль» және «Жасыл ел» жастар экологиялық жасақтарының жетекшісі Әділ Нұрпейісов алматылықтарды мегаполистің ең ірі жасыл желегінің бірін сақтап қалуға белсенді қатысуға шақырды. «Жыл басынан бері біз қала билігімен бірлесе отырып, 30-ға жуық экоакция өткіздік. Осындай ауқымды акцияда әрбір азаматтың үлесі маңызды», – деді экобелсенді.

Баум тоғайының жанында тұратын алматылық Ирина Павлова акция туралы «Медеу» саябағының қызметкерлерінен естіген. «Баум тоғайында 2000 жылдардан бері үнемі серуендеймін, бұрын бұл аумақ қараусыз қалған еді, мұнда жүрудің өзі қорқынышты болатын. Бірақ соңғы жылдары айтарлықтай жақсарды, сондықтан мен туған қаламыз Алматының аумағын тазалау акциясын қолдаймын», – деді Ирина Павлова.

Еске сала кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 18-24 қазан аралығында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланы көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ТазаҚазақстан #жасылел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35

Білім – болашақтың берік іргетасы: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы даму жолына тың серпін береді

Бүгін 16:29

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Бүгін 16:17

Наурызбай ауданында су басу фактілері тіркелген жоқ, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);