ffin.kz

Жәрдемақылар мөлшері көбейді

Жәрдемақылар мөлшері көбейді almaty-akshamy.kz

Бәрімізге белгілі, биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Қазақстанның Әлеуметтік кодексін ТМД кеңістігінде тәжірибеге енгізілген алғашқы тұтас әлеуметтік құжат деп атауға болады.


Аталған кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды және туғаннан бастап, еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде, қартайған кезде және т.б. әлеуметтік қолдауға кепілдік береді.


Халықтың осал санаттарының бірі – мүмкіндігі шектеулі адамдар. Олар үшін ең бастысы, әрине, олардың әлеуметтік қамсыздандырылуы. Бүгінгі күні азаматтардың осы санаты үшін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі құрылды. Олар қазір төлемдерді үш дерек көзден алады: мүгедектік бойынша мемлекеттік базалық жәрдемақы – бюджеттен; әлеуметтік төлемдер – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ); сақтандыру компанияларынан – сақтандыру төлемдері.


Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер мөлшері 14,5%-ға артты. Жыл басындағы жәрдемақы мөлшерінің 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жиынтығында 2022 жылмен салыстырғанда жылдық мәнде төлемдер мөлшері 23%-ға ұлғайды.


Республикалық бюджетпен 2023 жылға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) шамасы 40 567 теңге мөлшерінде белгіленген.



Әлеуметтік кодекстің 177-бабына сәйкес мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап: жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,61 шамасы – 65 313 теңге; бірінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 2,2 ЕТКД  – 89 248 теңге; екінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,83 ЕТКД – 74 238 теңге; үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,61 ЕТКД – 65 313 теңге; бірінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға – 2,2 ЕТКД – 89 248 теңге; екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ЕТКД – 74 238 теңге; үшінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ЕТКД – 65 313 теңге; жалпы аурудан, жұмыс кезінде мертігуінен немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдарға: 1-топ – 2,2 ЕТКД – 89 248 теңге; 2-топ – 1,76 ЕТКД – 71 398 теңге; 3-топ – 1,2 ЕТКД – 48 681 теңге.



Әскери қызметін атқару кезінде алған жарақаты, контузиясы, мертігуі, ауруы салдарынан мүгедектігі туындаған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектігі бар адамдарға; азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық нысандардағы апаттардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі апаттық жағдайлардың салдарынан мүгедектігі туындаған адамдарға; төтенше экологиялық жағдайлардың салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезіндегі радиациялық әсердің және/немесе олардың салдарынан мүгедек болған жағдайда: 1-топ – 3,22 ЕТКД – 130 626 теңге; 2-топ – 2,75 ЕТКД – 111 560 теңге; 3-топ – 2,31 ЕТКД – 93 710 теңге.


 



Ризвангуль ДАРАЕВА,


Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:


– Әлеуметтік кодекстің негізгі мақсаты – мүгедек азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Мысалы, мүгедек адамдарға қызмет көрсетуге олардың отбасы мүшелері барынша тартылатын болады. Бұл ретте олар жеке көмекшілер ретінде рәсімделеді. Олардың еңбегі төленеді, осы кірістерден зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылады. Осылайша жұмыспен қамтылмаған отбасы мүшелері еңбекке қабілетті жастағы кезеңде жұмыспен қамтамасыз етілетін және ықтимал әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік қорғалатын болады. Протездер мен компенсаторлық техникалық оңалту құралдарының стандарттары толығымен қайта қаралады. Ең бастысы, ұсынылған әрбір құрылғы, ол мүгедектер арбасы немесе есту аппараты болсын, сапалы және азаматтың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Сондай-ақ, жан басына шаққандағы норматив енгізу жоспарлануда. Қызметтер үшін – жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін – шекті бағалар.


Бұл өзгерістер, бір жағынан, қаражаттың немесе тауарлардың жекелеген түрлерін кезең-кезеңімен монетизациялауға әкеледі. Екінші жағынан, жеке секторды тарту арқылы арнайы әлеуметтік қызметтердің, әсіресе ауылдық елдімекендерде қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Шілде айынан бастап асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері де ұлғайтылды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37