Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жапонияның батысында «Лан» тайфуны соқты

Жапонияның батысында «Лан» тайфуны соқты

Әлем 15.08.2023, 11:45 1,129
Жапонияның батысында «Лан» тайфуны соқты
Сурет: Kyodo

Жапонияның батысындағы Кии түбегінде «Лан» тайфуны соғып, нөсер жаңбыр мен қатты желге ұласты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Алты сағат ішінде Вакаяма префектурасындағы Натикацуурда 304,0 мм, ал Киото префектурасындағы Аябэде 190,0 мм жауын-шашын түсті. Ел ішіндегі әуе, автомобиль және теміржол байланысы бұзылды. Осыған байланысты 650-ге жуық адам Кансай әуежайында түнеуге мәжбүр болды. Метеорологиялық агенттік Жапонияның шығыс, орталық және батыс бөліктерінде нөсер жаңбыр туралы ескерту жасады. Тұрғындарды су тасқыны, көшкін және қатты желге байланысты қырағы болуға шақырды. Сейсенбі күні Central Japan Railway Co. және West Japan Railway Co. Нагоя мен Шин-Осака станциялары арасында, сондай-ақ Шин-Осака мен Окаяма станциялары арасындағы барлық жоғары жылдамдықты пойыз рейстерін тоқтатты. Ал Japan Airlines Co. және All Nippon Airways Co. 560-тан астам рейсті тоқтатты.


photo


Бұл 50 мыңнан астам жолаушыға әсер етті. Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, таңертең ерте құрлыққа соққан тайфун Вакаяма қаласының маңында солтүстік-батыс бағытта қозғалған. Тайфун эпицентріндегі атмосфералық қысым 985 гектопаскаль болды. Бұл ретте желдің жылдамдығы сағатына 144 шақырымға дейін жеткен. Тайфун салдарынан Жапонияның орталық және батыс бөлігінде 90 мыңға жуық үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Reuters.


Алдағы 24 сағат ішінде орталықтағы Токай аймағында шамамен 350 мм жауын-шашын түседі деп болжанады. Бұл тамыз айындағы орташа жауын-шашын мөлшерінен үш есе көп. Метеорологиялық агенттіктің болжамынша, тайфун сәрсенбі күні таңертең Жапон теңізіне жетіп, солтүстікке қарай жылжиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тайфун #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика