AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жансель жаңартылған әлемдік рейтингте көш бастады

Жансель жаңартылған әлемдік рейтингте көш бастады

Спорт 06.04.2022, 03:44 1,654
Жансель жаңартылған әлемдік рейтингте көш бастады
baribar.kz

Қазақстандық таеквондошы әлемдік рейтингте көш бастады


Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз жаңартылған әлемдік рейтингте көш басына көтерілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл Қазақстан таеквондосы тарихында тұңғыш рет болып отыр.


Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Дениз 139.81 балмен бірінші орында келеді. Ресейлік Полина Хан (107.94) екінші, оңтүстіккореялық Да Бинь Ли (105.60) үшінші сатыда. Жансель бұрынғы нұсқада төртінші орында еді.


Өз спорттық жолында Дениз 2017 жылы Тайбэйде жазғы универсиадада және 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарында күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ ол – түрлі халықаралық турнирлердің чемпионы һәм жүлдегері.



«Менің арманым алыста болып көрінгенімен, ол орындалды. Мен бүгін шыққан жаңартылған әлемдік рейтингте бірінші орынға ие болдым. Бұл Қазақстан таеквондосы тарихында алғаш рет болып отыр. Мен жалғыз жанашырым – анама алғыс айтқым келеді. Өкінішке қарай, жолымда жеңілістер, сатқындық, алдау да аз болған жоқ. Бірақ, Аллаға шүкір, мен осындамын. Қуанышымды бөліскендердің бәріне рахмет! Сондай-ақ барлық мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жансель #таеквондо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10

Алматыда журналистердің арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін 14:08

Алматыда алғашқы түнгі Almaty Glow Ride велошеруі өтеді

Бүгін 13:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);