ffin.kz

Жаңаөзен әкімі наразылыққа шыққан тұрғындарға үндеу жасады

Жаңаөзен әкімі наразылыққа шыққан тұрғындарға үндеу жасады Сурет: Ашық дереккөз

Жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер


Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов наразылық акциясын ұйымдастырған жұмыссыздарға «Жұмыс жасаймын» жобасы аясында жалақысы 140-280 мың теңге аралығында болатын жұмыс ұсынды. Ол бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Қадірлі жерлестер! Бүгін бір топ жұмыссыз азамат Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына наразылық акциясын ұйымдастырып, мұнай-газ саласына жұмысқа орналаспайынша, аштық жариялайтынын мәлімдеді. Бұрындары айтқанымдай, барлығын бір уақытта мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру мүмкін емес. Мемлекет ұсынатын жұмысқа орналасудың барлық мүмкін нұсқаларын пайдалану қажет. Алайда, өкінішке қарай, біздің кейбір азаматтарымыз мұны тыңдағысы да, мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланғысы да келмейді», - деді Айбек Қосуақов.



Сондай-ақ ол қолданыстағы алгоритм бойынша жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған адамдарға қиянат жасай алмайтынын жеткізген.



«Біз жұмысқа орналасудың басқа баламасын ұсынамыз. Сіз «Жұмыс жасаймын» жобасы аясында жалақысы 140-тан 280 мың теңгеге дейін болатын бос жұмыс орындары тізбегіндегі жұмысқа тұра аласыз. Олардың көпшілігі үшін жоғары білімнің болуы міндетті емес. Және де бұл мұнай-газ секторындағы кезегіңізді күтуге ешқандай кедергі келтірмейді. Меніңше бұл ұсыныс – жұмыссыз жүргеннен жақсы, отбасыңызға қолдау болары анық», - дейді ол.



Сонымен бірге шаһар басшысы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің өзекті мәселе екенін айтып, тұрғындарды жақсы істерді бірлесе атқаруға шақырған.



«Жаңаөзенде өз шешімін талап ететін бірқатар мәселе бар. Әрине, оның бірі - халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Бірақ көбінесе әріптестерімізбен бірге бар уақытымызды қаламыздың өзекті мәселелерін жүйелі шешуден гөрі митингілер мен ереуілдерге жұмсауымызға тура келеді. Құрметті жерлестер! Бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіздер! Біздің есігіміз сіздерге әрдайым айқара ашық. Көптеген қоғам белсенділері әртүрлі мәселе бойынша түрлі комиссияларымыздың жұмысына араласып, қатысып келеді. Сіздердің көмектеріңіз әрдайым қажет және біз сіздермен бірге одан да жақсы істерді атқара аламыз. Ортақ күш-жігерімізді халық мүддесіне жұмсай отырып, қаламыздың және оның азаматтарының өмірін жақсартатынымызға бек сенімдімін», - дейді әкім.



Айта кетсек, бүгін Жаңаөзен әкімдігі алдына жиналғаны үшін ұсталған 17 адамды полиция босатқанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04