Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Жаңадан 5 министрлік құрылды

Жаңадан 5 министрлік құрылды

Саясат 01.09.2023, 12:03 1,040
Жаңадан 5 министрлік құрылды
Сурет: интернеттен

Президент Жарлығы бойынша.


Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен жаңадан 5 министрлік құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Олар:


- Су ресурстары және ирригация министрлігі;


- Көлік министрлігі;


- Туризм және спорт министрлігі;


- Мәдениет және ақпарат министрлігі;


- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.


***


Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы


2023 жылғы 01 қыркүйек


Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:



  1. Мыналар:


1) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі одан Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігін бөліп шығару, оған су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру жолымен;


2) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оны:


теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі; сауда мақсатында теңізде жүзу салаларындағы; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне;


индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін қайта өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту салаларындағы; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бөлу жолымен;


3) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінен мәдениет; тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану; кинематография; мемлекеттік рәміздер; архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету; электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер салаларындағы; ономастика; креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі етіп қайта құру жолымен;


4) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі оны Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.



  1. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдар берілетін функциялар өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттемелерінің құқық мирасқорлары болып айқындалсын.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:


1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;


2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.



  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:


1-тармақта:


мына:


«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:


«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;»;


мына:


«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;» деген жол алып тасталсын;


мына:


«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:


«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;»;


мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:


«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;


Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;


Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.».



  1. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министрлік #жарлық #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика