ffin.kz

Жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМА

Жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы  ХАБАРЛАМА zakon.kz

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының (одан әрі – сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты жаңа учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарлайды.


 Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына байланысты Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиялары айқындады.


Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.


Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.


Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.


Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері құрылатын сайлау комиссияларына қатысты 2022 жылғы 21 қыркүйектен 5 қазанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:


1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;


2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімінен үзінді көшірме;


3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;


4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


5) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;


Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері Алматы қаласы мәслихатының сайтында (maslihat-almaty.kz) орналастырылған.


Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.


Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында тұруға тиіс.


 Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.


Алматы қаласының мәслихатына қағаз форматта немесе электрондық сканерленген нұсқада ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.


Сайлау комиссияларының құрамы бойынша құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 5 қазан сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.


Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін, мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Жароков көшесі, 215, 311-кабинет, тел.: 8 (727) 380-04-03, сондай-ақ құжаттардың сканерленген нұсқасын электрондық мекенжайға жіберуге болады orgotdel@maslihat-almaty.kz.


Алматы қаласы мәслихатының орналасқан жері: Алматы қаласы, Жароков көшесі, 215 үй.


Комиссиялардың құрамын қалыптастыру үшін жаңадан құрылған Алматы қаласының учаскелік сайлау комиссиялары тізімімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04