Жаңа Салық кодексі: халыққа, бизнеске, әлеуметтік салаға тиімді тұстары қандай?

Жаңа Салық кодексі: халыққа, бизнеске, әлеуметтік салаға тиімді тұстары қандай? Сурет: mugalzhar.kz

Өткен апта аяғына қарай Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Құжат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа заң еліміздің салық жүйесін жеңілдетіп қана қоймай, әлеуметтік әділдікті арттыруға, көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған. Кодексті әзірлеу барысында 300-ден аса сарапшы, сала мамандары мен кәсіпкерлер қатысып, ұсыныстар ескерілді. Aqshamnews.kz тілшісі бұл өзгерістің кімдерге тиімді боларын және оның қандай артықшылықтары барын бағамдап көрді. 

Әлеуметтік салаға арналған жеңілдіктер

         •        Қоғам үшін маңызды дәрі-дәрмектерге ҚҚС — 0%

Онкология, сирек кездесетін аурулар, қант диабеті, психикалық дерттер сынды ауыр диагноз қойылған азаматтарға қажетті дәрілер енді қосылған құн салығынан босатылады.

         •        Медициналық қызмет түрлеріне де ҚҚС салынбайды

ГОБМП (гарантияланған тегін медициналық көмек) пен ОСМС (міндетті медициналық сақтандыру) аясындағы қызметтер мен дәрі-дәрмектерге салық салынбайды.

         •        Басқа дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер үшін

ҚҚС мөлшері екі кезеңмен төмендейді:

2026 жылы — 5%

2027 жылы — 10%

         •        Зейнетақы төлемдеріне салық салынбайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақылар жеке табыс салығынан босатылады.

         •        Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жеңілдік

Әлеуметтік шегерім көлемі 882 АЕК-тен 5000 АЕК-ке дейін көбейтілді.

Руханият пен білімге қолдау

         •        Кітаптар мен баспа өнімдері ҚҚС-тан босатылады

Мемлекет руханият пен білім саласына нақты қолдау көрсетіп отыр. Балалар әдебиеті, оқулықтар мен ғылыми кітаптар енді салықсыз сатылады.

         •        Отандық баспа ұйымдары үшін ҚҚС — 10%

Газет-журналдардан бастап ауыл мектептерінің басылымдарына дейін жеңілдетілген мөлшерлеме қолданылатын болады.

Бизнеске арналған өзгерістер

         •        Салықтар мен есептілік азайды

Салық түрлері — 20%-ға

Салықтық есептілік көлемі — 30%-ға қысқарады.

         •        ҚҚС мөлшері 16% болып бекітілді

Салық есебіне тіркелу шегі — 40 млн теңге.

         •        Корпоративтік табыс салығы

Жалпы мөлшерлеме — 20%

Банк және ойын бизнесі үшін — 25%

         •        Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін

3% жеңілдетілген мөлшерлеме сақталады.

         •        Автокөлік салығы

10 жылдан артық қолданған көліктерге салық мөлшері төмендетіледі.

Табысқа қарай салық салу

         •        Жоғары табысы бар азаматтар үшін

 Жылдық табысы 33 млн теңгеден асатындардан — 15% мөлшерінде табыс салығы алынады.

         •        Қымбат мүлікке салық өседі

Құны 75 млн теңгеден жоғары автокөліктерге

Құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке салық мөлшері ұлғаяды.

Сарапшы не дейді?

Экономист Бауыржан Ысқақов жаңа Салық кодексінің бірнеше артықшылығын атап өтті:

         1.      Кәсіпкерлікке жағдай жеңілдейді

Салықтық әкімшілендіру оңайлайды. Бұл шағын және орта бизнес үшін тиімді.

         2.      Цифрландыруды арттырады

Онлайн бақылау мен автоматты есеп жүргізу — көлеңкелі экономиканы азайтып, ашықтықты қамтамасыз етеді.

         3.      Инвестициялық тартымдылық артады

Инновациялық, жасыл экономика жобаларына жеңілдіктер енгізілуі мүмкін.

         4.      Әлеуметтік әділеттілік күшейеді

Прогрессивті салық жүйесі арқылы табысы жоғары азаматтардан көбірек салық алынбақ. Бұл қоғамдағы теңсіздікті азайтуға сеп.

         5.      Бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз етеді

Салық базасы кеңейіп, қосымша түсімдер әлеуметтік бағдарламаларға бағытталады.

«Жаңа Салық кодексі – бұл тек фискалдық емес, стратегиялық құжат. Ол ел экономикасының бағытын айқындайтын маңызды құрал», – дейді сарапшы.

Жаңа Салық кодексі – ел экономикасын жаңғыртуға, әлеуметтік әділеттілік орнатуға және кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бағытталған кешенді қадам. Салық жүйесінің өзгеруі халықтың өмір сапасына да, елдегі жалпы экономикалық ахуалға да оң әсерін тигізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:42

17:30

16:36

16:26

16:05

15:55

14:58

14:45

14:33

14:15

13:33

13:17

12:59

12:24

12:10

11:52

11:23

11:07

11:01

10:45

10:33

10:15

09:43

09:35

09:26