AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жаңа оқу жылында шамамен 370 мыңнан астам бала ме...

Жаңа оқу жылында шамамен 370 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды

Білім және ғылым 10.06.2024, 11:06 988
Жаңа оқу жылында  шамамен 370 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды
Сурет: Baq.kz

Биыл 1 сәуірде басталған бірінші сыныпқа өтінімдер мен құжаттар қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ата-ана балаларының құжаттарын еgov.kz  электронды үкіметінің веб-порталы арқылы бере алады. Жалпы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам қазақстандық бала барады деп күтілуде.

«Бүгінгі таңда 242 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа қабыдау бойынша ең көп өтінім Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларында тіркеліп отыр», - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті. 

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға қолайлы болуы үшін, бұл қызмет түрі автоматтандырылып, құжаттарды қабылдау egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуде. Бірінші сыныпқа балалар алты жастан бастап, ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Портал арқылы ұсынылатын құжаттар:
1) Ата-анасының немесе заңды өкілдің өтініші;
2) 065/е нысанындағы «Профилактикалық екпелер картасы» және №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығы картасы» медициналық құжаттары;
3) Баланың 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті.

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бірінші сынып #өтініш қабылдау #құжат тапсыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);