Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жаңа оқу жылынан бастап ұлдар мен қыздар дене шыны...

Жаңа оқу жылынан бастап ұлдар мен қыздар дене шынықтыру пәнін бөлек өтеді

Білім және ғылым 17.05.2022, 16:03 21,627
Жаңа оқу жылынан бастап ұлдар мен қыздар дене шынықтыру пәнін бөлек өтеді
Cурет: Egemen.kz

Білім және тәрбие беру бойынша оқу-әдістемелік нұсқаухат әзірленді


Алдағы оқу жылынан бастап дене шынықтыру және технология пәні қыз және ұл балалар үшін бөлек өткізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алдағы оқу жылында білім және тәрбие беру бойынша оқу-әдістемелік нұсқаухат әзірленді. Ол биылғы оқу жылының соңына дейін мектептерге жеткізіледі. Жаңа оқу-әдістемелік нұсқаухат мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбие және білім беру беру процесінің сапасын арттыру мақсатында қойылған талаптармен толықтырылды. Ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмысты психологиялық-педагогикалық нормаларына сәйкес ұйымдастыру, әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын отбасы балаларын мамандандырылған білім ұйымдарына қабылдауға арнайы квота енгізу жұмысы жүріп жатыр», - деді Гүлмира Кәрімова Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиынында.



Сондай-ақ комитет басшысы білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау жұмысы да жалғасын табатынын айтты. Бүгінде 200 білім беру ұйымының басшысы ротацияланды.



«Өзін-өзі тану пәнінің оқу жоспарынан алынып тасталуына байланысты өзін-өзі тану курсын оқыту ерекшеліктері туралы 19-бөлімге өзгерістер енгізіліп, мазмұны қысқартылды. Көркем еңбек пәнінің 1-4 сыныптарда еңбекке баулу және бейнелеу өнері, 5-9 сыныптардағы бейнелеу өнері мен технология пәнінің бөлінуіне байланысты аталған пәндерді оқытуда өзгерістер енгізіліп, толықтырылды. Технология және дене шынықтыру пәндерін өткізуде сыныптың толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздар тобына бөлу туралы қағида енгізілді», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #оқушы #дене шынықтыру пәні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:57

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

Бүгін 11:49

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді

Бүгін 11:05

Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Бүгін 10:46

Оскар-2026 жеңімпаздары жарияланды

Бүгін 09:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика