AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жаңа Конституция жобасы: Алматыда негізгіөзгерісте...

Жаңа Конституция жобасы: Алматыда негізгіөзгерістер талқыланды

Барлығы 02.02.2026, 18:16 276
Жаңа Конституция жобасы: Алматыда негізгіөзгерістер талқыланды
сурет: Алматы қаласы әкімдігінен

Алматыда Қазақстан РеспубликасыКонституциясының жаңа редакциясының жобасынталқылауға арналған Алматы қаласы мәслихаты мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Іс-шарағамәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелеріқатысты.

Отырыста жаңа Конституция жобасының негізгіережелері, оның тұжырымдамалық негіздері, сондай-ақ күтілетін институционалдық және әлеуметтікөзгерістер жан-жақты қаралды. Ұсынылып отырғанреформалардың адамға бағдарланған сипатына, биліктармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге, заң үстемдігі қағидатын күшейтуге және азаматтардыңмемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге ерекшеназар аударылды.

Отырыста сөз сөйлеген Алматы қаласымәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Мейіржан ОтыншиевКонституцияның жаңа редакциясы кең ауқымдықоғамдық диалогтың нәтижесі екенін және мемлекеттікбасқару жүйесін жаңғыртуға деген қоғамның кемелсұранысын көрсететінін атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттіңдамуының жаңа кезеңін айқындайтын құжат. Мұндабарлық шешімдердің өзегінде адам, оның құқықтарымен қадір-қасиеті тұр. Ең маңызды өзгерістердің бірі – халықтың егемендіктің бірден-бір иесі ретіндеконституциялық деңгейде бекітілуі. Бұл биліктіңбарлық институттарының қоғам алдындағыжауапкершілігін түбегейлі күшейтеді», – деді МейіржанОтыншиев.

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл біліміинститутының директоры, Алматы қаласыныңҚоғамдық кеңесінің мүшесі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Анар Фазылжановафилолог ретінде өзі үшін жаңа Конституция жобасының бастапқыда қазақ тілінде әзірленуі аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл қазақтіліндегі нұсқа құжаттың құқықтық негізі болыпсаналады, ал жобаны дайындаудың ашық сипаты мен кең қоғамдық қатысу реформаның мазмұнынтереңдетіп, оның құндылығын арттырады.

Сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық кеңесініңтөрағасы Махамбет Хасенов кеңейтілген баяндамажасап, конституциялық өзгерістердің тарихи маңызынжәне азаматтық қоғам институттарының рөлінің артыпкеле жатқанын атап өтті.

«Бүгін сапалы түсіндіру жұмысы ерекше маңызды. Конституция әрбір азаматқа түсінікті болып, күнделіктіөмірде нақты қолданылуы тиіс. Қоғамдық кеңес алдағыуақытта да конституциялық реформаларды іскеасыруда және Әділетті Қазақстанды құру жолындабелсенді әрі ұстанымды рөл атқаратынынасенімдімін», – деді Махамбет Хасенов.

Отырыс қорытындысында қатысушылар халықпенашық әрі мазмұнды диалогты жалғастырудыңмаңызын атап өтті. Әсіресе қоғамдық пікірлердіңалуандығы мен белсенді азаматтар шоғырланған ірімегаполис – Алматы қаласы үшін мұндайталқылаулардың өзектілігі ерекше екені айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Бүгін 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика