Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Жаңа Конституция “Әділетті Қазақстан” құрудың алғ...

Жаңа Конституция “Әділетті Қазақстан” құрудың алғышарты

Саясат 12.02.2026, 10:58 290
Жаңа Конституция  “Әділетті Қазақстан” құрудың алғышарты
сурет: Алматы әкімдігі

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалықреферендум өтеді. Негізгі заң жобасы қазірдің өзінде қоғамда кеңінен талқыланып, сарапшылар оған баға бере бастады.

Құжаттың басты ерекшелігінің бірі — жаңартылғанкіріспе бөлігі (преамбула). Онда «Қазақстанныңбіртұтас халқы» ұғымы бекітіліп, байырғы қазақжеріндегі мемлекеттілікті нығайту, Ұлы Даланыңмыңжылдық тарихының сабақтастығы атап өтіледі, сондай-ақ мемлекеттің унитарлық сипаты, оныңшекарасының мызғымастығы мен аумақтықтұтастығы расталады. Алғаш рет конституциялықдеңгейде «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заңжәне Тәртіп» қағидаты тұжырымдалып отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдікпенқамтамасыз ететін құқықтық мемлекет құруғабағытталған стратегиялық бағдарды айқындайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің заң факультеті мемлекет жәнеқұқық теориясы мен тарихы, конституциялық жәнеәкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заңғылымдарының докторы Алуа Ибраеваныңайтуынша, преамбула бүкіл конституциялықжүйенің құндылықтық бағытын айқындайды. Ондабірлік пен ынтымақ, ұлтаралық жәнеконфессияаралық келісім қағидаты, мәдениет, білім, ғылым мен инновацияның басымдығыбекітілген. Сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қараумен Қазақстанның барлық елмен бейбіт қарым-қатынас жасауға ұмтылатыны атап көрсетілген.

7-бапта діннің мемлекеттен бөлінгені нақтыбекітіліп, діни бірлестіктердің қызметі заңға сәйкесжүзеге асырылатыны көрсетіледі. Сонымен қатарконституциялық құрылыстың негіздерін, адамқұқықтары мен бостандықтарын, ұлттыққауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, азаматтардыңденсаулығы мен қоғамның имандылығын қорғауғабағытталған құқықтық шектеулер көзделген. Осы қағидатпен логикалық байланыста 33-бапта білімберу ұйымдарындағы оқыту мен тәрбиеніңзайырлы сипаты бекітілген.

Адам құқықтары саласындағы маңыздықадамдардың бірі — 22-бап нормасы. Оған сәйкесәркім өзінің ұлттық тиесілігін айқындауға, көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы. Бұл жекетаңдау еркіндігіне және қазақстандық қоғамныңкөпұлтты сипатына құрметті білдіреді.

Экологиялық бағыт та конституциялық деңгейдебекітілді. 8-бапта алғаш рет меншік иелерініңжауапкершілігі айқындалған: меншік пайдалануқоршаған ортаға зиян келтірмеуі және өзгелердің құқығын бұзбауы тиіс. Осылайша бизнес пен жекеменшік иелерінің әлеуметтік жауапкершілігікүшейтіледі.

Адам құқықтарының маңызды кепілдіктері құқыққорғау органдарының қызметін реттейтіннормаларда да көрініс тапқан. 18-бапта ұсталғанадамға бостандығын шектеудің негіздері мен оныңқұқықтарын міндетті түрде түсіндіруқарастырылған. Бұл заң тәжірибесінде «Миранда қағидасы» ретінде белгілі. 19-бапта кінәсіздік презумпциясы, бір құқықбұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға тыйым салу, сондай-ақ өзіне және жақын туыстарына қарсы куәлік бермеу құқығы бекітілген.

Жеке өмірді қорғауға да ерекше мән берілген. 20-бапта жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылық, дербес деректерді, соның ішінде цифрлық ортада қорғау, сондай-ақ банктік операциялардың, хат алмасудың және өзге де хабарламалардың құпиясы құқығы бекітілген.

Мемлекеттің әлеуметтік бағыты 27-бапта айқын көрсетілген. Онда еңбек етуге, мамандықты еркін таңдауға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және кемсітусіз әлеуметтік қорғауға құқық кепілдендірілген. 14-бапта бір адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға және конституциялық құрылыстың негіздеріне қол сұқпауға тиіс екені белгіленген.

Профессор Алуа Ибраеваның пікірінше, жаңа Конституция жобасы мемлекеттілікті нығайтуға және адам құқықтарын жан-жақты қорғауға берік құқықтық негіз қалыптастырады. Алдағы референдум елдің құқықтық жүйесін дамытудағы маңызды кезең болып, Қазақстан Республикасының одан арғы даму бағытын айқындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22

Еркебұлан Тоқтар қырғыз файтеріне есе жіберді

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика