AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа жылдық дастарханға арналған кеңестер

Жаңа жылдық дастарханға арналған кеңестер

Әлеумет 31.12.2024, 11:11 794
Жаңа жылдық дастарханға арналған кеңестер
Фото: Дмитрий Куцель
 

Өткен 2024 жылмен қоштасып, жаңа 2025 жылды қарсы алатын күн келіп жетті. Дегенмен, мереке алдындағы кезең қарбаласқа толы. Жақындарыңа сыйлықтар сатып алу, үйді безендіру және мерекелік дастархан жасау – маңызды шарттардың бірі. Аспаздықпен маманданатын блогер Дмитрий Куцель Taspanews.kz редакциясының оқырмандарына дәстүрлі тағамдарға жаңашылдық қоса, ас мәзірін қалай әдеттен тыс етіп дайындауға болатыны туралы кеңес берді.

Маманның айтуынша, әдеттегі жаңа жылдық дәстүрлі тағамдарды түрлендірудің ең оңай жолы – қолданыстағы тағамдарға жаңашылдық қосу.

«Мәселен, мен алдыңғы жылы тон астындағы майшабақ салатын жасағанда майшабақтың орнына скумбрия қостым. Керемет шықты, менің ойымша, майшабақтан асып түсті. Сонымен қатар, оны қолмен кескеннен гөрі майда үккіштен өткізген жөн, сонда салат жұмсақ болады», – деп кеңес берді Куцель.

Фуд-блогер жаңа жылдық дастарханның таптырмас бөлігі – оливье салатын да жаңартуға болады деп санайды.

 

«Консервіленген бұршақ орнына мұздатылған бұршақты, шұжықтың орнына жылқы етін қосуға болады. Ескі қоспаларлы жаңасымен ауыстырыңыз. Алайда, әрине, басқа да тәсілдерді қарастыра, талғамыңыз бен қалауыңызбен сәйкестендірсеңіз – өз еркіңіз»,– деді Куцель.

 

Мерекеге дайындық кезінде өзіңізді күтіп, уақытыңызды сақтау маңызды. Фуд-блогер мұны істеудің ең оңай жолы – кафеден немесе мейрамханадан дайын тағамдарға тапсырыс беру деп санайды. Оның айтуынша, қазіргі таңда мұндай қызмет түрлері аса қолжетімді, тек өз қалтаңызға қарай тапсырыс жасайтын жерді таңдасаңыз болғаны.

 

«Әйелдерімізді сақтайық. Үй шаруасындағы әйелдеріміз, аналарымыз, әпкелеріміз бен әжелеріміз, қыздарымыз демалсын. Олардың жүйкесі мен денсаулығы бірқалыпты болғанға не жетсін. Жылына бір рет өзіңіз осылай жасауға бейімделіп, ғаламтордан қалаған мейрамхананың жеткізу қызметін таңдасаңыз болғаны», – деп кеңесімен бөлісті фуд-блогер.

 

Дмитрий Куцель байырғы әдеттерді жою қажеттілігін де атап өтті:

 

«Шырша жанында отырғаннан бөлек, Жаңа жыл кешінен кейін отбасыңызбен бірге тауға, шет елге, Көлсай көлдерінде барып, тойласаңыздар да керемет. Мұның бәрі өз қиялыңызға байланысты», – деді Куцель.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #Дастархан #тағам #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика