AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа жылды жұмыста өткізетіндер кімдер?

Жаңа жылды жұмыста өткізетіндер кімдер?

Әлеумет 31.12.2021, 05:36 1,235
Жаңа жылды жұмыста өткізетіндер кімдер?
Сурет: Elorda.info

Мерекеге қарамай жұмыс істейтіндер кімдер?


Біздің қоғамда маңызы зор, ауадай қажет мамандық иелері бар. Олар бұл күні кезекшілікке түсіп, сағат 00.00-де жұмыста болады. Бірі үлкен міндетті арқаласа, бірі табыс табуды көздейді. Жаңа жыл түнінде тынымсыз қызмет ететін мамандардың біразын жіпке тізсек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Полиция қызметкерлері


Мереке күндерінде полицейлердің қызметтік жауапкершіліктері тіптен үдей түседі. Жаңа жыл түні қызық пен қылмыс қатар жүретіні белгілі. Ащы суға тойып алған адамдар мінез көрсетіп, тойдың соңын төбелеске ұластырады. Сонымен қатар алаңдағы шырша маңы, бұзақылар, қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың сұрауы осы мамандық иелерінің мойнында.


"Жедел жәрдем"


Ауру-сырқау мерекеге қарамайды. Адам өмірі дәрігерлердің қолында болғандықтан, бұл мамандық иелерінің Жаңа жылды жұмыста қарсы алуы таңғалатын дүние емес. Тіпті, "жедел жәрдем" көлігінің ішінде де қарсы алатын кездері болады.



«Жаңа жыл түнін "жедел жәрдем" қызметкерлері де қызу жұмыс үстінде өткізеді. Былтыр Жаңа жылда кезекшілікке шықтым. Тыныш өтті деуге келмейді. Жарты сағат қалғанда, жедел қоңырау түсті. Көрсетілген мекенжайға жетіп, Жаңа жылды танымайтын адамдармен қарсы алдым. Негізі бірінші қаңтарда шақыртулар саны көп болады, мерекелік дастарханнан кейін созылмалы аурулары асқынып кетеді», - деді "жедел жәрдем" қызметкері Мәдина Оспанова.



Таксистер


Таксистер бұл күні жақсы табыс табады. Жүргізушілер әдеттегідей асыққан жолаушыларды діттеген жерлеріне жеткізеді, бірақ ақысы, әрине, жоғары.  



«Жаңа жыл қарсаңында таксишілердің табысы екі есеге дейін өседі. Сондықтан 31 желтоқсан күні толық және түнгі 23:50 шамасына дейін ыңғайы келсе жұмыс істеуге тырысам. Осыдан 3 жыл бұрын үйге 00.15-те әрең дегенде жеттім», - деді таксист Жандос Омаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #жұмыстағылар #мамандықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика