AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болмақ?

Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болмақ?

Өмір-өзен 30.12.2021, 03:26 1,417
Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болмақ?
Сурет: Inform.kz

Желтоқсанның 30-ына арналған ауа райы болжамы


«Қазгидромет» РМК бейсенбіге арналған күн райының болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Cиноптиктердің болжамына сәйкес, 30 желтоқсан күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ҚР батысында, шығысында және орталығында күн құбылмалы болады, қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.


Атырау облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, батысында, орталығында жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.


Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Түркістан облысының батысында, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.


Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, Алакөл көлдері ауданында желдың жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың орталығында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түсіп, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-қа жетеді.


Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #синоптиктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика