Жаңа жыл мерекесінде қалай дұрыс тамақтану керек: диетолог кеңесі

Жаңа жыл мерекесінде қалай дұрыс тамақтану керек: диетолог кеңесі Элеонора Якия

Жаңа жыл мерекелері – жыл бойындағы ең ұзақ демалыс кезеңі. Ұзаққа созылатын мерекелік дастарқандар, мол әрі ауыр тағамдар артық тамақтануға, салмақ қосуға және ас қорыту жүйесіне түсетін жүктеменің артуына әкелуі мүмкін.

Жаңа жылдық рационды қалай дұрыс ұйымдастыру және ағзаның жеңіл қабылдауына қалай көмектесу керектігін диетолог-дәрігер, дұрыс тамақтану саласының сарапшысы Татьяна Мещерякова түсіндіреді.

Күн тәртібін сақтауға тырысыңыз

Жаңа жыл түні көптеген адамдардың ұйқысы мен сергектігін бұзады. Әрине, мерекеде сәл кеш тұруға болады, бірақ күн мен түнді толықтай ауыстырып алмау маңызды. Түнде ас қорыту ферменттері баяу жұмыс істейді, ал түнгі сергектік оларды әдеттен тыс режимде жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Сондықтан күніне 3-4 рет тамақтану әдетін сақтап, таңғы асты сағат 10-ға дейін жоспарлаған жөн. Кешкі мерекелік дастарқан маңызды болса да, таңғы ас пен түскі асты өткізіп алмаңыз. Бұл мерекелік үстелде шамадан тыс тамақ жеудің алдын алып, ас қорыту жүйесіне түсетін жүкті жеңілдетеді.

Азық-түлікті артық сатып алып, көп тамақ пісірмеңіз

Үйдегі бірнеше күнге жетерлік оливье салаты, пісірілген артық тағам немесе жарамдылық мерзімі өтіп бара жатқан өнімдер – артық жеп қоюдың басты себебі.

Біріншіден, барлық салатты ұзақ сақтауға болмайды. Мысалы, жұмыртқа қосылған салаттар 6 сағаттан артық, ал майонезбен араластырылған салаттар 18 сағатқа дейін ғана сақталуы тиіс. Сондықтан 31 желтоқсанның кешіне және 1 қаңтардың түскі асына жететіндей мөлшерде ғана тағам дайындаған дұрыс.

Екіншіден, қазіргі таңда азық-түлік тапшылығы жоқ. Дүкен сөрелері мерекеге дейін де, кейін де толып тұрады. Сондықтан артық тамақ сатып алудан аулақ болыңыз. Әйтпесе, аш болғандықтан емес, «бұзылып кетпесін» деп тамақты тастамау үшін жеуге тура келеді.

Ең дұрысы – күнделікті ас мәзірінде сорпа, ыстық тағам, гарнир сияқты жаңадан пісірілген тағамдар болсын. Тек салаттармен, тіскебасарлармен, қақталған өнімдермен, маринадтармен және жемістермен шектеліп қалмаңыз.

Бәрін жеп көру шарт емес

Мерекелік дастархандағы сан алуан салаттар мен тағамдардың ішінен өзіңізге 2-3, ең көбі 4 тағамды таңдаңыз. 10-12 түрлі асты бір мезетте жеу ас қорыту процесін қиындатады. Асқазан мен ферменттер мұндай көлемдегі азықты толық қорыта алмайды.

Көп тамақтанудың салдарынан кекіру, қыжыл, жүрек айну, ауырлық сезімі, іштің немесе қабырға астындағы ауырсыну пайда болуы мүмкін. Ал алкогольді немесе газдалған сусындар бұл белгілерді одан әрі күшейтеді.

Тәттілерге арнайы күн арнаңыз

Тәтті десерттерді 1 қаңтар мен Рождество күніне жоспарлаған жөн. Ал қалған күндері тәттіге деген қажеттіліктің орнын жеміс-жидектермен толтыру дұрыс, осылай жасау артық калория жинау қаупін едәуір азайтады.

Жаңа жылдық тәттілерге абай болыңыз

Жаңа жыл – тәттіқұмарлар үшін нағыз сынақ. 10 күн ішінде тек тәттілердің өзінен-ақ бірнеше келі салмақ қосып алу оңай, ал артық салмақ көбіне іш пен жамбас аймағында анық байқалады.

Мұның алдын алу үшін күн сайын кемінде 1 сағат таза ауада серуендеуге тырысыңыз. Бұл қан құрамындағы оттегінің жетіспеушілігін (гипоксияны) азайтады. Ал гипоксия тәттіге деген құмарлықты арттыратыны белгілі.

Су ішу режимін бақылауда ұстаңыз

Денсаулық пен қалыпты салмақты сақтау үшін дене салмағының әр 1 кг-на 30 мл су көлемінде күнделікті су ішу нормасын сақтау маңызды.

Егер мереке кезінде бұл ережені сақтау қиын болса, кем дегенде әр тамақтан 15 минут бұрын бір стақан ыстық су ішіңіз. Бұл ас қорыту жүйесіне пайдалы: түйілуді азайтады, өттің сұйық әрі қозғалыста болуына көмектесіп, мерекелік ауыр тағамдарды жақсы қорытуға жағдай жасайды. Көпшілік шөлді аштықпен шатастырады, бұл да ретсіз тамақтануға, артық салмаққа әкеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:26

12:22

12:15

12:10

12:08

11:58

11:48

11:39

11:32

11:25

11:10

11:05

10:49

10:34

10:29

10:23

10:14

09:55

09:43

09:39

09:30

09:10

09:06

08:52

08:30