AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа жоба ашылды

Жаңа жоба ашылды

Әлеумет 17.01.2025, 13:16 753
 Жаңа жоба ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасына орай, ҚазБСҚА құрылыс колледжінде бірегей білім беру жобасы ашылды. «Bakarassov концерні» ЖШС және ТМ «KAIZER.» инновациялық лак-бояу өнімдерін шығаратын неміс зауытымен бірлескен жобаның ашылуына қалалық Мәслихат депутаты, AMANAT партиясының мүшесі Елена Бакарасова мұрындық болды.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы бізге үлкен серпін беріп, зор жауапкершілік жүктеп отыр. Біз енді еліміздегі құрылыс мамандарын даярлайтын ең алдыңғы оқу ордасымен бірлесе еңбек ететін болдық. Мемлекет басшысы «Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағандықтан, осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», – деген еді. Қазір біз өз тарапымыздан осы тапсырманы орындауға белсене кірісіп жатырмыз, – деді қалалық Мәслихат депутаты Елена Бакарасова.

Аталмыш жоба ҚазБСҚА колледжінің студенттері үшін премиум-материалдармен жұмыс істеуде таптырмас тәжірибе алаңына айналары сөзсіз. Бұл, ең алдымен, болашақ мамандардың кәсіби дамуы үшін маңызды қадам. Олар құрылыс саласындағы заманауи технологияларды игеріп қана қоймай, нақты нысандарда жұмыс істеуге де зор мүмкіндік алатын болады.

– Колледжімізде бес мамандық бойынша  600-ден астам студент білім алып жатыр. Жаңадан ашылып жатқан тәжірибе алаңы біздің студенттеріміздің сапалы білім алумен қатар, кәсіби маман болып шығуына кепілдік берері сөзсіз. Студенттер мұнда үш тәсілді игереді. Олар теориялық білім, шеберлік сыныптары мен тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, біздің серіктесіміз KAIZER қажетті материалдармен қамтамасыз етіп отыр. Тәжірибе алаңында студенттеріміз әрлеу, левкастау, бояу сияқты құрылыс жұмыстарына машықтанады. Халықаралық стандарпен жұмыс жасайтындықтан аталмыш зауыт мамандары шеберлік сабақтарын өткізіп, қосымша дәріс беретін болады, – дейді колледж басшысы Ерасыл Мамырбеков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жоба #«Bakarassov концерні»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика