Жаңа емхана есігін ашатын күн алыс емес

Жаңа емхана есігін ашатын күн алыс емес Almaty-akshamy.kz

Ерболат Досаев Кемел шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратының дайындығын тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қолжетімді медицина: Кемел шағын ауданындағы жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның қызметін 8 мың тұрғын пайдалана алады


Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданын аралау барысында Кемел шағын ауданындағы 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға барды. Қала басшысы пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттерді, процедуралық және УДЗ кабинеттерін көрді. 


Мегаполис басшысына қазіргі уақытта нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмысы аяқталғандығы туралы баяндалды. Инженерлік коммуникацияларға қосылу бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін амбулатория жұмысын бастайды.


Жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория Кемел шағын ауданының 8 мыңнан астам тұрғынын қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Қазір олар Кемел шағын ауданынан 3,5 шақырым жерде орналасқан Көкжиек шағын ауданында қаралып жүр. Ал №21 қалалық емханаға 42 600 тұрғын тіркелген. Жаңа амбулаторияның арқасында емдеу мекемесінде жүктеменің үштен бірі азаяды.


№ 21 емхананың бас дәрігері Ерлан Құдабаев емдеу мекемесінде көмек көрсетудің жеделдігі дәрежесін ескере отырып, пациенттерді санаттарға бөлуді көздейтін триаж-жүйе енгізілгенін, цифрлық кезек, штат жоғары мамандандырылған дәрігерлермен жасақталғанын хабарлады. Бүгінде медицина қызметкерлерінің штаты қалыптасып, құрал-жабдық сатып алынды.


Ерболат Досаев пациенттерді қабылдауды бастау үшін жаңа амбулаторияны жабдықтау және коммуникацияларға қосу жұмыстарын тездетуді тапсырды. 


Анықтама: 2023 жылы Алматыда 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды. Желтоқсанға дейін тағы 4 амбулаторияның құрылысын аяқтау жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:16

12:02

11:59

11:48

11:39

11:32

11:21

11:13

11:01

10:51

10:42

10:34

10:07

09:49

09:20

09:10

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01