AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионат...

Алматылық Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Спорт Бүгін 09:14 41
Алматылық Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Алматы әкімдігі

Байрақты додаға әлемнің 135 елінен 900-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматылық балуан Нұрқожа Қайпанов 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Байрақты додаға әлемнің 135 елінен 900-ге жуық спортшы қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол төрт белдесуде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасынан осы чемпионаттың финалына шыққан жалғыз спортшы атанды.

Алғашқы белдесуінде алматылық балуан Косово өкілі Эгзон Джониді 10:0 есебімен жеңсе, келесі кездесуде әзірбайжандық Туран Байрамовтан 4:0 есебімен басым түсті. Ширек финалда Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинді 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен ұтты.

Финалдық белдесуде Нұрқожа ресейлік Иналбек Шериевке есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Бұл Нұрқожа Қайпановтың ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған төртінші жүлдесі. Ол 2019 жылы күміс, 2024 жылы алтын, ал 2025 жылы қола медаль еншілеген. Сонымен қатар алматылық спортшы Азияның үш дүркін чемпионы атанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өңірлерді дамыту: жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Бүгін 08:00

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Кеше 14:39

Қарашада неше күн демалыс бар?

Кеше 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Кеше 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

31.10.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);