Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9,1 мың адам...

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9,1 мың адам грант алды

Әлеумет 30.11.2023, 06:19 954
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9,1 мың адам грант алды
Сурет: Gov.kz

2023 жылдың басынан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 9 102 грант, оның ішінде ауыл тұрғындарына 6 011 грант берілді.


2023 жылы жалпы 9000 грант беру жоспарланған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2023 жылы мал шаруашылығына – 2 907, өсімдік шаруашылығына – 148, мүкәммал, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 221, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 3 661, орын жайды жалға алуға – 165 қайтарымсыз гранттар берілді.


Алушылардың санаттары бөлінісінде көпбалалы отбасылардың мүшелеріне – 4 963, мүгедектігі бар адамдарға – 1 827, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға – 1 118, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға – 562, асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға – 421, қоныс аударушыларға – 181 және қандастарға – 30 грант берілді.


Биыл гранттар алуға өтініштерді қабылдау 3 лек бойынша өткізілді. Үміткерлерден барлығы 66 мыңнан астам өтініш, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 39,9 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 11,7 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 8 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 3,5 мың өтініш қабылданды. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған адамдар қатарынан 2,6 мың адам, 702 қоныс аударушы және 217 қандас өтініш берді.


Өтінімдердің ең көп саны Түркістан облысының (14,9 мың), Шымкент қаласының (7,8 мың), Жамбыл (7,6 мың),  Қызылорда (7,5 мың) облыстарының және ең аз саны Ұлытау (136) және Қостанай (159) облыстарының үміткерлерінен келіп түсті.


Естеріңізге сала кетейік, гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.


Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.


Бұл ретте, комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.


Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.


Комиссияның шешімі туралы ақпарат үміткердің Business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда үміткер салық органдарында өз қызметін тіркейді, банктік деректемелерді ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады. Мұның бәрі еңбек мобильділігі орталықтарына бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.


Келесі жылы да халықтың әлеуметтік осал топтарына 9 мың грант беру көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа бизнес #грант алу #Ұлттық жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика