AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жаңа бастамалар: қала әкімдігі мегаполистің дамуын...

Жаңа бастамалар: қала әкімдігі мегаполистің дамуына жастарды қалай тартуда

Барлығы 19.02.2025, 15:46 889 dulatbekova
Жаңа бастамалар: қала әкімдігі мегаполистің дамуына жастарды қалай тартуда
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы жастарын қолдауға бағытталған ауқымды жобалар туралы ақпарат айтылды.

Қалада жалпы 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мыңнан асатын жастар тұрады. Іске асырылып жатқан жобалар туралы толығырақ Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек тоқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Спикердің айтуынша, қала әкімдігі төрт негізгі бағытта белсенді жұмыс істеуде, оның ішінде білім беру және жұмыспен қамту, жастарға арналған инфрақұрылымды дамыту, мәдени және спорттық іс-шараларға тарту, сондай-ақ жаңа жатақханалармен қамтамасыз ету.

2025 жылы негізгі басымдық табысты жобаларды кеңейту және жаңа бастамаларды іске қосуға беріледі. Жастар саясаты басқармасы қазірдің өзінде «ALMA CUP» спорттық турнирі, «Jas Gala – 2025» шығармашылық фестивалі және «IQ-ALA jastary» интеллектуалдық жобасы сияқты маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар «Антикоррупциялық волонтерлік» және «Саналы ата-ана мектебі» сияқты жастардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар қолға алынбақ.

«Биыл жүзеге асырылатын жобалар саны 56-ға дейін ұлғаяды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 жобаға артық. Маңызды бағыттардың бірі – жұмысшы мамандықтарды және отандық өнерді насихаттау, оның ішінде қысқаметражды фильмдер түсіру және «Ашық аспан астындағы кино» жобасын іске асыру», – деп атап өтті А. Кажденбек.

Сонымен қатар, 2025 жылы 5 жаңа комьюнити-орталық ашу жоспарланып отыр, олар білім беру және мәдени бастамалар алаңына айналады. Ал 6 мың орындық жаңа студенттік жатақханалар студенттердің баспана тапшылығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Алматыда 2025 жылы жастар бастамаларын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1 мыңнан астам мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қала жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше назар аударып, комьюнити-орталықтар базасында білім беру бағдарламаларын іске қосуды көздейді.

«НаркоСтоп» волонтерлік жобасы мен «Әркім маңызды» инклюзивті даму бағдарламасы да өз жалғасын табады. Бұл жоба инклюзивті және әлеуметтік бағдарланған қоғамды құруға бағытталған, онда әрбір адам өзінің мүмкіндіктеріне қарамастан өз әлеуетін іске асырып, ортақ игілікке үлес қоса алады. Негізгі міндеттер – өмір сүру жағдайын жақсарту, жастарды әлеуметтік-мәдени бастамаларға тарту, мамандарды инклюзивті әдістермен жұмыс істеуге үйрету.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіптік білім реформасының маңыздылығын атап өтіп, 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған орай, біз жастарды техникалық және инженерлік мамандықтарға тартуға бағытталған әлеуметтік қысқаметражды фильмдер әзірледік, олар ұлттық кәсіптік бағдарлау бағдарламасының бір бөлігіне айналады», – деді А. Кажденбек.

Сөз соңында спикер ауқымды бастамалар жастарға өз әлеуетін жүзеге асыруға және ел мен қаланың дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #ауқымды жобалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);