2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында көптеген маңызды мәселелердің бірі ретінде сот жүйесіне арналады, яғни қоғамда заң үстемдігін нық орнықтыру үшін сот төрелігі әділ түрде атқарылуы тиіс екеніне назарға алынады. Яғни судьялар қауымын жаңа форматта іріктеп, жаңартуды көздеген Мемлекет басшысы судьялардың материалдық жағдайын жақсартуды ескере отырып, олардың араларындағы тәуелділікті толығымен жою үшін судьялардың құқықтық мәртебесін теңестіруді нақтылайды. Әрине бұл фактор соттардың әділ шешім шығаруына түрткі болатыны сөзсіз.
Осы орайда Президент күштік құрылымдар сотқа ықпал етпеуі тиіс деп нақтылайды. Алайда, өкінішке орай, қазіргі кезде судьяларға әкімшілік ресурстар арқылы түрлі қысым көрсететін амал-тәсілдің алатын орны, судьялардың қызметіне жанама түрде араласу деп түсіну қажет, бұл заңсыз әрекеттерді шектеу үшін туындайтын жауаптылықты күшейту мәселесіне көңіл бөледі. Сонымен қатар Президент сот актілеріне ерекше тоқталды, яғни судья өз шешімінде өрескел қателік жіберсе (техникалық және грамматикалық қателіктерді қоспағанда) немесе оның күші жойылса әрбір сот актісін Судьялар алқасы тексереді деп айтады. Бұл өте орынды деп санаймын.
Президет Қ.Тоқаевтың ойынша «Сот төрелігін атқару сапасы» бойынша судьяларды бағалау және жауапкершілікке тарту институтын түбегейлі қайта қарастыру әділ шешім қабылдауға септігін тигізеді.
Бұл орайда, апелляция институтын реформалау қажеттігі туындайды, атап айтқанда қаралған істер бірінші сатыдағы сотқа қайтарылмай, нақты мән-маңызы бойынша шешім шығарылуға әкеледі. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстегі апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіліктері өзгереді деген сөз.
Мемлекет басшысы бизнес өкілдері сотқа жүгіну барысында соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері тым жоғары болуы олардың өз мүддесін қорғауына айтарлықтай кедергі келтіреді деп есептейді. Бұл – өте орынды пікір. Сондықтан қазіргідей талап-арызда көрсетілген сомадан алынатын пайыз мөлшерінің орнына мүлік даулары бойынша ақылға қонымды баж мөлшерін белгілеу қажет. Осы тұрғыдан мүліктік сипаттағы талап қою арызы заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасы 3 пайыздан 1 пайызға төмендету қажет деп ойлаймын.
Президент сот процестеріне мемлекеттің қатысуын азайтуды жөн көреді, яғни мемлекеттік органдар немесе ұйымдар арасындағы туындаған дауларды Үкіметпен түпкілікті түрде шешуі тиіс деген тұжырымға келеді. Бұл өз кезегінде соттарды тиісті істерді қараудан ішінара босатады деген ойдамын.
Президент ұқсас істер бойынша әртүрлі шешімдер қабылданатын жайттардың алдын алу үшін яғни сот төрелігін атқару ісін біріздендіруді қамтамасыз етуді Жоғарғы соттың интеллектуалды жүйесін енгізумен ұштастырады. Бұл Біркелкі сот практикасын қалыптастырады деген тұжырым жасауға болады.
Қорытындылай келе, жоғарыдағы аталған жаңа реформалар сот жүйесінде әділетті шешімдер қабылдауға барынша мүмкіндік береді. Бұл фактор Жаңа Әділетті Қазақстанды құру үшін өте маңызды болып табылады. Әділетті шешім қабылдау моральдік тұрғыдан қоғаммен оңды бағаланады. Дегенмен әділеттілік қағидасы Конституциямызда нақты орын алмағандығы Қазақстан Республикасындағы сот төрелiгiн тек «қара қылды қақ жаратын» тұрақты судьялармен ғана жүзеге асыруын қиындатады. Себебі елімізде барлық туындаған даулар тек заң шеңберінде шешілуі керек. Осы орайда Қазақстанның ресми түрде негізгі басты құқықтық актісі ретінде танылатын Конституцияға әділеттілік қағидасын ензізу өте қажет деп ойлаймын.